Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Осы үш өзекті мәселе шешімін табады - АРҚА АЖАРЫ

Осы үш өзекті мәселе шешімін табады

Денсаулық сақтау саласы ауданындағы өзекті салалардың бірі болып табылады. Осыған байланысты  Степняк қаласында 200 адамды қабылдайтын жаңа заманауи аурухана салынуда. Бұл жөнінде Біржан сал ауданының әкімі Достанбек Есжанов   өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте баяндады.

Степняк қаласында тәулік бойы жұмыс істейтін 45 төсектік стационармен және ауысымына 200 келушіге арналған аурухананың құрылыс жұмыстары басталды. Биыл қоршаулар орнатылып, аумақ жоспарланды және екінші қабаттың қондырмасы жүргізілуде.

– Жобаның құрылыс мерзімі 2023-2024 жылдарды қамтиды. Енді осы әлеуметтік нысанның құрылысын жалғастыру міндеті тұр, – деді аудан әкімі Достанбек Есжанов.

Сонымен қатар, брифингте ауданның ауылдық елді мекендерінде фельдшерлік акушерлік пункт жанданатыны белгілі болды. Мысалы, осындай ФАП Андықожа батыр ауылында салынады. Оған қоса, жергілікті инвесторлар 2 жаңа және заманауи жедел жәрдем көлігін сатып алды. Бұдан басқа, денсаулық сақтау саласындағы кадрлардың жетіспеушілігі мәселесі шешілуде.  Біржан сал ауданы әкімінің гранты бойынша елдің медициналық жоғары оқу орындарында 9 студент  білім алуда. Болашақ дәрігерлер өздерінің мамандықтары  бойынша жұмыс істеуді жоспарлауда.

Брифинг барысында аудан әкімі әлеуметтік-экономикалық өсімнің негізгі көрсеткіштеріне тоқталды, олардың бірі тұрғын үй құрылысы болып табылады.

– 2800 шаршы метрден астам тұрғын үй тапсырылды, көлемі өткен жылмен салыстырғанда ұлғайды. Степняк қаласында 21 пәтерлі үйдің құрылысы жүріп жатыр. Көппәтерлі үйлерді жөндеуге 14 жоба әзірленді, – деп хабарлады Достанбек Есжанов.

Ауданда халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, Мақпал ауылында сумен жабдықтау желілерін қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, Бірсуат, Қоғам және Мамай ауылдарында құбырларды жөндеу жұмыстары аяқталды. Жоғарыда аталған кенттердің тұрғындары таза ауыз сумен қамтамасыз етілді. Баймырза ауылында сумен жабдықтау желілерін қайта жаңарту аяқталуда. Заозерное ауылында құбырларды жаңғырту жоспарланған. Тағы жеті ауылға су беру пункттері орнатылған.

Брифингте аудан әкімі аудан жолдары ерекше бақылауда және жыл соңына дейін 43 шақырым жол төсемін жөндеу жоспарланғанын жеткізді.

– Ұзындығы 14 шақырым  Щучинск- Степняк тас жолының құрылысы жүріп жатыр. Сондай-ақ, Баймырза ауылында 8 және Кенащыда 5 шақырым жол салынуда.  Үлкен кентінің жолдарына кенттік жөндеу жұмыстары мен Степняк қаласында ұзындығы 3 шақырымнан  асатын жол төсемін жаңғырту жалғасуда, – деді аудан әкімі.

Бүгінде аудан орталығы мен елді мекендердің эстетикалық келбеті де жақсарып, назардан тыс қалмауда. Степняктағы Біржан және Чапаев көшелеріндегі үй маңындағы аумақтарды абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Аңғал батыр және Баймырза ауылдарына спорт алаңдары орнатылып, Кеңашыда футбол алаңы таныстырылды. Заураловка және Құдықағаш ауылдарында спорт алаңдарын орнату жұмыстары жүргізілуде. Келесі жылы Тасшалқар, Бірсуат, Сәуле, Қоғам және Мақпал ауылдарында алаңдар салу жоспарлануда.

Қорытындылай келе, ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері жылдан-жылға артып келе жатқаны анық. Жергілікті атқарушы органдар Біржан сал  ауданы тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға бағытталған жұмыстарды жалғастыруда.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар