Сыңсыған орманды алқабы мол Ақмола облысында «Орман-Дала-2023» оқу-жаттығу өткізілді. Орманға қауіп көп екендігі белгілі. Биылғы жыл ересен ыстық болды. Кірпік қақпай атқарылған ыждаһатты күзеттің арқасында ауқымды өрт орын алған жоқ. Әйтсе де, сақтанғанның сау болатындығы мәлім.
Оқу-жаттығу жұмыстарының басты мақсаты орман және дала өрті орын ала қалған кезде бірлескен іс-қимылды мейлінше пысықтау. Барлыққызметтер арасында өртті жедел сөндірудің тиімді әдіс-тәсілдері туралы тәжірибе алмасу. Бұл шын мәнінде өте қажет дүние. Алапат өрт басталған кезде көпті көрген орман қорғаушылардың өздері абдырап қалатында кез болады. Тылсым табиғат тақсірет тартпау үшінөрт оқиғасының алдын алу және ілезде оқшаулап, сөндіру тәсілдері жетілдіріле бермек.
Оқу-жаттығу жұмысына Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің, жергілікті әкімдіктердің өкілдері, төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері және еріктілер қатысты.
Қатысушылар өрт шыққан жерді әуеден тексеріп, ауқымынанықтағаннан кейін өрт сөндірушілер десантын түсіріп, зардап шеккендерді құтқармақ. Орман шаруашылығы мекемелерінің күштері мен құрал-жабдықтары мейлінше тиімдіжұмылдырылмақ. Міне, осындай жұмыстардысаралағаннан кейін өзара іс-қимылды ұтымды үйлестіру мәселесі талқыланды. Тілсіз жаудың қаупі өте зор. Сондықтан, қызыл тілі сумаңдаған өрттің шарпуы мүмкін деп есептелген ауыл-аймақтың тұрғындарынқауіпсіз жерге көшіріп, уақытша орналастыру мәселесі де бастан жақты айырғандай етіп тәптіштелді. Оларға медициналық және психологиялық көмек көрсету жайы даекшелді. Жаттығуға 250-ден астам адам, жүзден астам техника және бестікұшақ жұмылдырылды.
–Бұл форматтағы оқу-жаттығу жұмыстары алғаш рет өткізіліп отыр, – дейді Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы РамильКамалов, – егер жағдай күрделі болса, барлық республикалық күш-қуат жұмылдырылады. Біз бүгін Орман Кодексіне және ілеспе нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістерді енгізуді талап ететін нормалар мен заңнамалардыталқыладық.
Ауқымды шараның соңында орман және дала өртін сөндіру тәсілдері мен тактикасы пысықталды.
Байқал БАЙӘДІЛОВ.
Ақкөл ауданы.