Ақмола облыстық мәслихатының депутаты Абай ЖОРАБЕК: «Ауыл тұрғындарының жағдайын жақсарту үшін жүйелі жұмыс қажет»

Адамдарды ауылда ұстау үшін, ең алдымен, лайықты білім, сапалы медициналық көмек, жақсы жолдар, судың, электр энергиясының және басқа да тауарлардың үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз ету қажет. Әйтпесе, ауылдардың қалаларға көші-қон процесі тоқтамайды, тіпті «Дипломмен – ауылға!»» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде көтергіштердің мөлшерін ұлғайту да көмектеспейді, – дегенсенімде Есіл ауданы «Заречный» ЖШС бас инженері және директорының өндіріс жөніндегі орынбасары, Ақмола облыстық мәслихатының депутаты Абай Жорабек.

Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы 2001 жылы әскердегі қызметінатқарғаннан кейін Есіл ауданына келіп, белгілі кәсіпкер, меценат Уәлихан Әріпов құрған «Заречный» ЖШС-не жұмысқа орналасты. Жүргізуші, автопарк меңгерушісі, инженер, бас инженер, директордың өндіріс жөніндегі орынбасары, «AMANAT» партиясының бастауыш ұйымының төрағасы… Абай Жұманұлы бір кәсіпорында кәсіби өсудің барлық сатыларынан өтті. Депутаттың зайыбы Заречное орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істейді, төрт бала тәрбиелеп отыр.

Абай Жорабек – тәжірибелі халық қалаулыларының бірі, алтыншы шақырылымдағы Есіл аудандық мәслихатының, жетінші шақырылымдағыАқмола облыстық мәслихатының депутаты болды және қазір сегізінші шақырылымдағы облыстық мәслихатта жерлестерінің мүддесін білдіреді. Оның ауылдастары мен аудан тұрғындарына жоғары сенім мен қолдау көрсеткендері үшін алғысы шексіз және өз тарапынан олардың мәселелерін шешу үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға дайын.

Әрине, бір сәтте ештеңе шешілмейді, бірақ, Абай Жұманұлы шегінуге дағдыланбаған. Бұл үшін мемлекеттік органдардың табалдырығын аттап, инфрақұрылымдық объектілерге барып, мердігерлермен әңгімелеседі, депутаттық сауалдар дайындайды, азаматтарды қабылдайды, ауылдарды аралап, кестеден тысхалықпен кездесулер өткізеді. Бір сөзбен айтқанда, әрқашан байланыста. Бұл түсінікті, өйткені, «Заречный» ЖШС директорының орынбасары ретінде Абай Жұманұлы шаруашылықтағы барлық өндірістік мәселелерге жауап береді. Жолды қардан тазарту, науқасты немесе босанатын әйелді аудан орталығына апарып, материалдық көмек көрсету қажет болса, адамдар оған жүгінеді.

Абай Жұманұлының айтуынша, жыл сайын «Заречный» ЖШС ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымын қолдауға шамамен 100 миллион теңге қаржы бөледі. Кәсіпорын балабақшаны, спорт мектебін толық күтіп-ұстауда. Биылғы жылы барлық жылу беру жабдықтары газбен жылытужабдығына ауыстырылды.

–Бұған дейін бізде сабанмен жанатын қазандықтар болған, бірақ, олардың ресурсы бітті, сондықтан, қазіргі заманғы газ қазандықтарын және қосымша мазутпен жағатын бір қазандық орнатуды жөн көрдік, – деп түсіндірді мұны Абай Жұманұлы.

Бұдан басқа, алдыңғы жылдары серіктестік бірнеше отбасын Калачи ауылынан көшіріп алып, бүгінгі күнге дейін оларға материалдық қолдау көрсетіп келеді. Биыл «Заречный» ЖШС аудандық спартакиаданың демеушісі болып, жүлде қорына қомақты қаражат бөлді. Сөйтіп, бірінші орынға – 1 миллион теңге, екінші орынға – 700 мың, үшінші орынға – 500 мың теңге жүлде тағайындады.

Заречныйдағы шаруашылық жүргізуші субъектісі жоқ Сұрған ауылындағы көшелерді қардан тазарту, ауыл тұрғындарын жеңілдетілген бағамен мал азығымен, көмірмен қамтамасыз ету де шаруашылық мойнында. Жергілікті су құбыры әкімдіктің балансында болса да, оны да ЖШС өз қамқорлығына алған, ауыл тұрғындары су үшін ақы төлемейді. Есіл ауданында арнайы техника жетіспейтіндіктен, серіктестік өз қаражатына екі «жедел жәрдем» машинасын сатып алды, біреуі науқастарды тасымалдайды, екіншісі қайтыс болған адамдарды жерлеу үшін пайдаланылады. Шаруашылық мұнымен шектелмей, тағы бір «жедел жәрдем» сатып алуды жоспарлап отыр. Серіктестік Дальнее ауылынан оқушыларды, спортшыларды да өз есебінен тасымалдайды. Қыста шаруашылықтың жүргізушілері бос отырмас үшін осындай жүктеме жүктеледі.

Депутат мұның бәрі туралы кездейсоқ айтып отырған жоқ, өйткені, ауылда жерлестерінің мәселелерін шешу үшін әкімдікпен өзара іс-қимыл жасау жеткіліксіз, көбінесе мұндайда бір сәттік шұғыл шаралар қабылдау қажет.  Депутаттың айтуынша, олар туындаған барлық мәселелерді бірлесіп шешуге тырысады.  Облыстық мәслихаттың депутаты ретінде Абай Жұманұлына аудан басшылары облыстық бюджеттен қаражат бөлуге жәрдемдесуді сұрайды, ол болса барлық аудандық жобаларды назардан тыс қалдырмауға және бақылауда ұстауға тырысады.

Көп жағдайда халықтың сұраныстары, яғни, депутаттық сауалдар коммуналдық салаға қатысты болып келеді. Абай Жұманұлының айтуынша, облыстық бюджеттен ауданның инфрақұрылымын дамыту үшін қомақты қаражат бөлінгеніне қарамастан, өңірде әлі де көптеген проблемалар бар. Ең бастысы, көбіне басталған жұмыстардың аяқталмауы. Жосықсыз мердігерлер, сот шайқастары, шарттарды бұзу. Мысалы, әлеуметтік желілер мен БАҚ-та үлкен резонанс тудырған Есіл қаласындағы Сайлау Серіковатындағымектепті күрделі жөндеуден өткізуді алайық. Бірнеше рет ата-аналар ғимаратты жөндеу қажеттігі туралы мәселе көтерді, Абай Жұманұлы депутат ретінде бұрынғы облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың қабылдауына жеке өзі келді. Ағымдағы жылы облыстық бюджеттен қажетті қаражат бөлінді.

–Енді біз жөндеу жұмыстары басталған мектептің нашар жағдайда екенін көріп отырмыз. Жұмыстар қашан аяқталатыны белгісіз. Басынан бастап мен нысанға бірнеше рет бардым, құрылысшылармен сөйлестім, неге шатыр мен терезелерді бірден бұзып жатқандарын сұрадым. Өйткені, біздің климаттық жағдайда бұл қауіпті екені бәрімізге түсінікті. Барлығын кезең-кезеңімен жасау керек еді. П тәрізді корпус үш блоктан тұрады. Бір бөлігінде олар шатырды жауып, терезелерді орнатып, содан кейін  басқа бөлікке көшуі керек еді. Ал, олар барлығын бірден бұзып тастады. Жаңбырдан кейін бәрі жарамсыз болып қалды. Бұл мәселені, ең алдымен, ауданның білім бөлімі бақылауға алуы керек еді. Бас мердігер – «Град Строй Сервис» ЖШС жұмысшыларды көбейтуге, сөйтіп, жағдайды түзетуге уәде берді, бірақ, уәдесін орындамады. Бүгінгі таңда балаларбасқамектептердеоқуғамәжбүр», – дейді депутат.

Игілік және Заречное ауылдарында су құбырыжелілерініңұзақсалынуыда алаңдатады. «Жоба бастапқыда проблемалы болды, ақша болмады. Мен бірнеше рет уәкілетті мемлекеттік органдарға сұрау салдым, облыстық сессияда әріптестерім қолдап, 2022 жылы ақша бөлінді. Жұмыс басталды, бірақ, мердігерлер дұрыс жұмыс істемеді. «Монолит» ЖШС төртінші қосалқы мердігерді ауыстырды. Үш ай бойы нысанда бірде-бір адам, техника жоқ, бүгінгі таңда барлық жұмыстар тоқтап қалған, сотта тергеу жүріп жатыр, – дейді А.Жорабек. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша қаражат бөлінген бірқатар ауылдар бар, онда да мердігерлер берілген ақшаны  игере алмайды. «Бүгінде Есілде ДШК құрылысын аяқтау мәселесі тұр. Егер қалған сома қазір берілсе, құрылысшылар нысанды жыл соңына дейін аяқтауға болады дейді. Бірақ әзірге ақша жоқ, ол келесі жылға қалдырылған.  Бүгінгі күнге дейін бұлжұмысы қарқынды жүргізіліп  жатқан жалғыз объект. Оны да сәтсіздікке ұшыратпауға тырысу керек» деп жалғастырады сөзін депутат.

Ағымдағы жылдың маусым айында Абай Жорабектің бастамасымен комиссия шақырылып, Жезқазған-Петропавл республикалық маңызы бар тас жолындағы Жаңыспай өзені арқылы өтетін және Заречное, Знаменка ауылдарын аудан орталығымен жалғайтын темірбетон көпірдің техникалық жағдайы тексерілді. Абай Жұманұлы «ҚазАвтоЖол» мен уәкілетті мемлекеттік органдарға стратегиялық маңызы бар көпірдің құлау қаупі бар екенін уақытында хабарлады.  Комиссия нысанды тексергеннен кейін уақытша айналма жолмен жүруді ұйымдастыруды ұсынды. Ал, жақында депутатқа қажетті қаражаттың бөлінгені және «ҚазАвтоЖол» жөндеуге кіріскені, көпірдің  жақын арада іске қосылатыны туралы хабарланды.

«Жергілікті маңызы бар Знаменка – Заречное жолын жөндеуге жобалау-сметалық құжаттамалар дайындауға 4,5 миллион теңге талап етілді. Біздің ЖШС қаражат бөлді.  Бүгінде байқау өтті, жеңімпаз бар, келесі жылы жобаны қаржыландыруды күтеміз» деп тағы бір жақсы жаңалықпен бөлісті Абай Жұманұлы.

Сонымен қатар, депутаттың айтуынша, биыл Есіл ауданында ауыл шаруашылығы өндірушілері мен «ҚазАвтоЖол» ЖШС есебінен жергілікті және республикалық маңызы бар жолдарғаинерттік материал төселді. Халықпен кездесулердің бірінде депутатқа Бұзылық ауылында алғашқы медициналық-санитарлық көмек пункті мен монша-кір жуу кешенін салу туралы сұрау салумен жүгінді. Қаражатты шаруашылық субъектісі бөлді, құрылыс жүріп жатыр. Сондай-ақ, халық қалаулысының бақылауында Свободное ауылындағы көпірді қайта құру мәселесі де тұр. Өткен жылы депутатқа Сұрған ауылының тұрғындары малды тамақтандыратын азық жоқ деп жүгінді.

«Мен ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшыларымен сөйлестім, олар қаражат бөлді, біз зейнеткерлер мен мұғалімдерін үйлеріне жем жеткіздік. Қыста жолдарды қардан тазалауға да жергілікті кәсіпорындар көмекке келеді» дейді Абай Жұманұлы.

«AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының соңғы отырысында Абай Жорабек жағымсыз жаңалықты айтты.  Есіл ауданындағы 25 мектептің 19-ының оқушылар санының аздығына байланысты жағдайы бапты емес. Әріптестер Абай Жұманұлын қолдап, бейінді ведомствоға сұрау жіберу туралы шешім қабылдады.Депутат келтірген мына бір мысал да ауылдық жерлердегі бүгінгі жағдайды сипаттайды:

«Өткен жылы біз Заречное ауылына Астанадан қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімін шақырдық. Электрмен жылытылатын пәтер бердік, барлық жағдайды жасадық. Мұндай жағдай еш жерде жоқ. Ол жақсы жұмыс істеп келе жатқан. Ал, көктемде су тасқыны кезінде жолдарды шайып кетті,  дәл сол кезде жас мұғалімнің бүйрегіауырып, сырқаттанып қалды. Ауданға жеткізу үшін оны су толған жерден жаяу көтеріп апаруға тура келді. Сонда ол  бірден: «Осыдан аман қалсам, кетемін», – деді. Емделгеннен кейін жігіт расында, оқу жылының соңына дейін жұмыс істеп, ауылдан кетіп қалды».

Қорытындылай келе, «2001 жылдан бері ауданда тұрамын және халықтың кетуін, тұрғындар саны тез азайып бара жатқанын көріп отырмын. Мәселелерді жүйелі, кешенді түрде шешпейінше, біз бұл процесті тоқтата алмаймыз», – дейді сөзінің соңында халық қалаулысы Абай Жорбек.

Қарлыға Мұхатаева,
Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар