Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ауыз су – өзекті мәселе - АРҚА АЖАРЫ

Ауыз су – өзекті мәселе

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қорғалжын ауданының әкімі Берік Жанбаевтың қатысуымен «Қорғалжын ауданының 2023 жылдың 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары» туралы брифингі болды.

Ауданның негізгі жетістіктері мен жоспарларына тоқталған аудан әкімі, 2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамудың аралық қорытындыларын баяндап берді. Ағымдағы жылдың бірінші қазанындағы есеп бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі 1,6 миллион теңгені, өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 177,2 пайызды құраған. Негізгі капиталға салынған инвестиция 1,8 миллион теңгемен индекс көлемі елу үш пайызды көрсеткен.

– Қорғалжын өңірінде сумен қамту мәселесі өзекті болып келеді. Осыған байланысты жергілікті тұрғындар көптеген мәселелерге тап болуда. Алайда, брифингте аудан әкімі бұл мәселе 2025 жылға дейін шешілетінін айтты. Қорғалжын ауданы құбырлары әлдеқашан тозығы жетіп, жарамсыз болып қалған «Нұра» су жүйесінен су алатыны белгілі. Жетіспеушілік судың жерге түсуіне байланысты екпінді желдерден туындайды. Жергілікті тұрғындар биылғы жазда болғандай апталап, тіпті айлап сусыз отыруыда ықтимал. «Бұл мәселе су құбырын ауыстырмайынша сақталады. Су бізге келеді, бірақ кейде жетпей қалып жатады. Бұл техникалық сұрақ. Біз қысымды жеті атмосфераға дейін көтереміз, содан кейін құбырлар жарылып кете бастайды. Барлық шаралар қабылдануда: апатты аймақтар тексерілді, кей жерлерге жаңа пластик құбырлар тартылды. Су қоймалары да бар, – дейді Б.Жанбаев.

Дегенмен, қазір су құбырын қайта жаңғырту жобасы жүзеге асырылуда. «Қорғалжын ауданындағы жұмыстың үш кезеңінде «Сабынды-Жантеке-Қорғалжын» учаскелерін қайта жаңғырту қарастырылған. Жоба сараптамадан, конкурстан өтіп, лайықты мердігерлер ұтып алып, жұмысқа кіріседі деген сенімде. Жоба 2025 жылға дейін жалғасады, осы уақытқа дейін аудан халқы сумен толық қамтамасыз етіледі деп күтілуде. Үшсарт, Жұмай, Садырбай, Ұялы ауылдарындағы жергілікті су тазарту қондырғыларын жөндеу, қалпына келтіру жұмыстарына ашық конкурс жарияланып, үш мердігер ұйым анықталған. Олар, «Абдухатов», «Абырой групп», «Керуен XXI» серіктестіктері. Келісім шарттар маусым айында жасалып, аталмыш жұмыстар 4 ай ішінде орындалуы қажет болған. Өкінішке қарай, жұмыстың аяқталғаны туралы нақты мәлімет жоқ. Осы жұмыстарға облыстық бюджет есебінен 27,4 миллион теңге бөлінген. Сондай-ақ, бұл мәселелерді шешумен қатар, «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға да мән берілуде. Оның ішінде Қорғалжын ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысына қаржы бөлінуде. Жобаның жалпы құны 869 миллион теңгені құраса, биылғы жылы республикалық бюджеттен тағы 400 миллион теңге бөлінген. Яғни, облыстық және республикалық бюджеттердің бөлінуіне байланысты жобаны жүзеге асыру үш жылға жоспарланған. Бүгінгі күнге игерілген сома 60 миллион 13 мың теңге. Екінші жоба – Өркенді ауылын жарықтандыру желілерінің құрылысы. Жобаға облыстық бюджеттен 19,2 миллион теңге қарастырылған. Сонымен бірге, ауданда биылғы жылы егін шаруашылығы 177,4 мың гектарды құраса, жаздық дақылдар егіліп, өткен жылмен салыстырғанда 109,7 пайызға

орындалған немесе егіс көлемі 8,7 мың гектарға артқан. 166,9 мың гектар алқапқа дәнді дақылдар егілсе, қолайсыз ауа райы жағдайында егін жинау алаңы 151,8 мың гектарға кеміген. Жалпы өнім 46,7 мың тоннаны құрап, орташа өнімділік гектарына 3,1 центнер болған. Ал, ағымдағы жылғы құрылыс жұмыстарының көлемі 10,8 миллион теңгені құраған. Осы жылға бекітілген тұрғын үйлерді пайдалануға беру жоспары 4100 шаршы метрді құрайды. Тоғыз айдың қорытындысы бойынша 2661 шаршы метр немесе он алты тұрғын үй пайдалануға беріліп, үш жүз шаршы метрі қазан айында пайдалануға беріледі деп күтілуде. Және де, көптеген ауылдарда көшелерді жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл мақсаттарға 111 миллион  937 мың теңге бөлінген. Бюджеттің бөлінуіне байланысты жобаларды жүзеге асыру екі жылға жоспарланған. Келесі де, ауданда жол жөндеу жұмыстары да жыл сайын жүргізіліп келген. Қорғалжын ауылының жол желісін орташа жөндеуге осы жылға 603 миллион теңге бөлінді. Майшұқыр ауылында төрт көшеге, Қараегін ауылында бір көшеге ағымдағы жөндеу, Жантеке ауылында Қ.Күмісбеков көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Аудан әкімі медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Облыстық бюджет есебінен медициналық университетте 2 студент – анестезиолог және онколог мамандығы бойынша білім алуда. Олар 2025 жылы оқуын аяқтайды. Бүгінгі таңда аудандық ауруханаға алты маман – төрт дәрігер, екі орта білімді қызметкер келіп, аудан әкімдігінің көмегімен жас мамандарға алты пәтер табыс етілді. Денсаулық сақтау саласын жаңғырту аясында ауылдық жерлерде жаңа медициналық пункт салу жұмыстары да жоспарлануда.

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар