Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ор қазамын деп опық жеді - АРҚА АЖАРЫ

Ор қазамын деп опық жеді

Төрт түлік малдың сүмесімен күн көрген ауыл тұрғындары үшін ең маңызды мәселе – жайылым. Соңғы жылдары кейбір ірі ауыл шаруашылығы құрылымдары меншігіндегі жерді қорғаудың тиімді тәсілі орлап тастау деп біледі.

«Бектау» мен «Новоселовка» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері ұзын-ырғасы 26 мың метрден астам жерді тереңдігін 1,5, енін 1 метрден асыра орлап, қазып тастаған. Әрине, егінжайды, құнарлы шабындықты бейсауат малдан қорғаған дұрыс. Әйтсе де, ор қазудың оңтайлы шешім емес екендігін бастан жақты айырғандай етіп айтқан дұрыс. Аяқты мал тісіне ілінер құнарлы шөп іздемей тұра ма, оның үстіне мал қараусыз қалмасын деп тәртіпті нығайтып, талапты күшейткенімізбен, бейсауат жүрген бағусыз мал аз емес. Жалғыз төрт түлік мал ғана емес, тереңдеп қазылған ор аң-құсқа да қауіп. Адамға екі бастан.

Табиғат жанашырлары серіктестік басшыларының теріс шаруаларын жалпақ жұртқа әйгілеп, дабыл қаққалы қашан?!  Жер қорығанның жөні осы екен деп әркім өз иелігіндегі алқаптың шетін орлап қаза берсе, сайын далада сән қала ма?!

–Бұл әрекет «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің 337-бабына жатады. Яғни, жердің құнарлы қабатын заңсыз алып тастау немесе жою, – дейді облыстық жер ресурстарын басқару департаментінің бас маманы Шолпан Молдағалиева,  – серіктестік басшылары әкімшілік жауапкершілікке тартылып, әрқайсысына бір мың айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.

Заң бойынша жалға алған жерді қазуға рұқсат жоқ. Алдағы уақытта жерімді қорғаймын деп орынсыз орлаудан сақтандыру үшін осы бір мысалды оқырман назарына ұсынуды дұрыс деп таптық. Ор қазғандар осылайша опық жейді. Ілкідегі қазақ «біреуге ор қазба…» дегенді неге айтты дейсіз.

Байқал БАЙӘДІЛОВ.

Шортанды ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар