Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мемлекет басшысы Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановты қабылдады - АРҚА АЖАРЫ

Мемлекет басшысы Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановты қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында баяндалды.

Президентке өңір экономикасының бірқатар саласында оң нәтижелер бар екені туралы мәлімет берілді. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 530 миллиард теңгеге жеткен. Оның ішінде жеке инвестиция 435 миллиард теңгеден асқан. 154 жоба іске асырылып, 1,5 мың жұмыс орны ашылған.

Марат Ахметжановтың айтуынша, шаруаларды қолдау және қайта өңделген өнім үлесін арттыру шаралары тұрақты түрде қабылданып жатыр. Жыл басынан бері өсімдік майы, өңделген ет, сүт, май, ірімшік және сүзбе сияқты азық-түлік түрлерін өндіру көрсеткіші өскен. Макинск құс фабрикасының 3-кезеңі іске қосылды және «Ақ-Дала Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндірістік қуаты кезең-кезеңімен артып келеді. Бұл облыстың құс етін өндіру бойынша елімізде көшбасшы өңірлердің біріне айналуына мүмкіндік берді.

Кездесуде жылыту маусымының барысына да ерекше назар аударылды.  Облыс әкімі барлық коммуналдық қызметтің жұмысы қатаң бақылауға алынғанын,  Көкшетау және Степногорск қалаларындағы нысандардың кезең-кезеңімен жаңғыртылғанын жеткізді.

Бұдан бөлек, Президентке Көкшетау қаласын дамытуға қатысты бас жоспардың жобасы әзірленгені туралы ақпарат берілді. Бұл жоба қаланың экологиялық және инфрақұрылымдық мәселелерін шешуді көздейді.

Сонымен қатар Мемлекет басшысына халықтың тұрмысын жақсартуға және іргелес миграцияны төмендетуге ықпал ететін Агломерацияны дамыту жөніндегі жаңа кешенді жоспардың жобасы таныстырылды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев өңірді одан әрі дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу жобаларын іске асыру, инвестиция тарту, сондай-ақ Ақмола облысының қалаларын жылумен үздіксіз қамтамасыз ету жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Дереккөз: www.akorda.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар