Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысының білім саласында өткен жыл несімен есте қалды? - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысының білім саласында өткен жыл несімен есте қалды?

Білім – халықтың көп бөлігінің мүдделері байланысты сала, сондықтан ол қоғамды одан әрі дамытудың негізгі құралы ретінде қарастырылуда. Уақыт бір орнында тұрған жоқ, 2023 жыл облыстың білім беру жүйесіне көптеген оң өзгерістер әкелді.

1245 орындық 16 мектепке дейінгі ұйым ашылды, оның ішінде 360 орынға 2 мемлекеттік және 885 орынға 14 жеке меншік. Осылайша, мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытуды қамту 2 жастан 6 жасқа дейін бүгінде 92,3% құрайды. 1426 орындық 6 балабақшаның құрылысы жалғасуда. Тағы бір жаңалық балабақшаларда Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан – бәріміз және әрқайсысымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын жүзеге асырудың арқасында аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан 6255 бала тегін тамақтану мүмкіндігіне ие болды. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап мектепке дейінгі ұйымдардың барлық педагогтары еңбекақысына 30% өсім алды.

Орта білім саласына келсек, 537 күндік жалпы білім беретін мектептерде қазір 138 мыңнан астам оқушы білім алуда. Биыл алғаш рет 58 мың бастауыш сынып оқушысы үшін тамақ тегін болды.

Биылғы оқу жылында балалармен 23 мыңнан астам педагог жұмыс істейді, оның ішінде биылғы жылы 10 мыңнан астамы тәрбиешілерді, мұғалімдерді, профессорларды және мектеп, колледж әкімшілігін қоса алғанда, біліктілігін арттыру курстарынан өтті.

Жаңа оқу жылында 4000 орындық 5 мектеп пен мектепке қосымша бір ғимарат пайдалануға берілді. Сонымен қатар, биылғы жылдың соңына дейін қосымша 600 орындық 2 мектеп пен 300 орындық бір студенттік жатақхана ашу жоспарлануда.

Биыл 94 мектепті жаңғыртуға бюджеттен 3,0 млрд теңге бөлінді. 8,6 млрд теңгеге 44 білім беру нысанында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, 62 білім беру объектісін ағымдағы жөндеуге 700 млн теңгеге жуық қаражат бөлінді.

Сондай-ақ, 50 заманауи кабинеттер сатып алынды, 70 мектептің жиһаздары, асханалары мен кітапханалары жаңартылды, көркем әдебиеттер сатып алынды. Білім беру ұйымдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілді.

Биыл облыс мектептерінде 20 инклюзивті қолдау кабинеті ашылды, жыл соңына дейін тағы бірнешеуін ашу жоспарлануда. Қазір облыста ерекше білім беруді қажет ететін 900 балаға инклюзивті білім беретін 40 кабинетте 170-тен астам педагог жұмыс істейді. Сондай-ақ, ерекше білім беруді қажет ететін балаларды тасымалдауды ұйымдастыру үшін 2023 жылы 6 бірлік арнайы көлік алынды.

Ағымдағы жылы мемлекеттік білім беру тапсырысы есебінен 51 ұйымда, сондай-ақ жекеменшік қосымша білім беру ұйымдарында балаларды қосымша біліммен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда.

Сонымен қатар, жалпы білім беретін мектептерде 3104 үйірме мен 4536 спорт секциялары ұйымдастырылған. Мәселен, облыс бойынша 110 мыңға жуық оқушыны қосымша біліммен қамтылды.

Сандықтау ауданындағы бұрынғы балаларды қолдау орталығының базасында жыл бойы жұмыс істейтін «Жас дәурен» балалар сауықтыру лагері ашылды. Облыс бойынша барлығы 110 мыңға жуық бала жазғы демалыспен және жұмыспен қамтылды.

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде Көкшетау қаласының құрылыс-технологиялық колледжінде және Степногорск жоғары колледжінде жалпы білім беретін мектептердің 10-ыншы, 11-сынып оқушыларының жұмыс біліктілігін меңгеру туралы эксперименттік білім беру бағдарламасы іске қосылды. Нәтижесінде 11-сыныпты аяқтаған соң оқушылар мектеп бітіру туралы аттестат пен жұмыс біліктілігі туралы диплом алады.

Кәсіпорындардан түскен өтініштер бойынша колледждерге мақсатты қабылдау жалғасты. Бүгінде нысаналы жұмысқа қабылдау аясында 1,5 мыңнан астам студент мамандық алуда.

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмасына сәйкес, оқу жылының басынан бастап колледж студенттерінің шәкіртақысы 50 пайызға көтерілді. Бүгінгі таңда 15 мыңнан астам студент шәкіртақымен қамтамасыз етілді.

Дереккөз: www.gov.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар