Ақмолалықтар – чемпионат жүлдегерлері!

Алматыда шорт-тректен Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды. Ақмолалықтар – шорт-тректен республика чемпионатының жүлдегерлері атанды.

Ақмола облысының жас спортшылары, атап айтқанда, «Бурабай» жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері осы дүбірлі жарыста үш медаль жеңіп алды.

Төрт кезеңдегі 333 метр қашықтықтан тұратын жарыс жолында 11 жасар Санжар Ашуов қола жүлдегер атанды.

Сондай-ақ, 1333 метр эстафеталық жарыста жерлесіміз Санжар Ашуов, Самихан Асылмұрат және Егор Смирнов бар біздің команда үшінші орынға ие болды, сондай-ақ, 2000 метрлік эстафеталық жарыста Меруерт Сансызбаева, Малика Баржақсы, София Новохатская және Евамария Вернегора өнер көрсеткен қыздар командасы да үшінші болып мәреге жетті.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар