Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Инвестор тап болған кедергі жойылды - АРҚА АЖАРЫ

Инвестор тап болған кедергі жойылды

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша прокуратура маңызды инвестициялық жобаларды қолдау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде.

Фронт-офис базасында прокурорлар инвесторлармен тұрақты негізде кездесулер ұйымдастырады. Осы жұмыс аясында Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар жөніндегі комитетімен «Финдік модель бойынша белсенді демалыс түрлері бар отбасылық үлгідегі демалыс аймағын құру» жобасының Бірыңғай ұлттық пулға енгізілгені анықталды.

Жалпы инвестиция көлемі 1,5 миллиард теңгені құрайды, бұл жобаны «Finish Business Hub» ЖШС жүзеге асыруда. Оны жүзеге асыру кезінде инвестор Целиноград ауданы әкімдігінің қажетті жер телімін беруге рұқсат беруден бас тарту мәселесіне тап болған. Прокуратура бұл шешімнің заңсыз екенін анықтады, өйткені заң талаптарына сәйкес жылжымайтын мүліктері бар жер учаскесі инвесторға заттай грант ретінде берілуі тиіс.

Өз кезегінде аудан әкімдігі жер телімін үшінші тұлғаға сенімгерлікпен берген. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша сенімгерлікпен басқару шарты бұзылып, Ақмола облысының әкімдігі инвесторға сұралған жерді беруге келісті. Заңдылықты бұзғаны үшін кінәлілер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Кәсіпкерлікті қорғау мақсатында прокуратурада инвесторлар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді топ пен CALL орталығы жұмыс істейтінін еске саламыз.

Ақмола облысының прокуратурасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар