Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жаңа мектептер мен балабақшалар, жатақханалар да салынуда - АРҚА АЖАРЫ

Жаңа мектептер мен балабақшалар, жатақханалар да салынуда

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық білім басқармасының басшысы Шоқан Оразалин білім беру саласын дамытудың ағымдағы жылғы қорытындылары туралы баяндады.

Бүгінгі таңда Ақмола облысының білім беру жүйесінде 1300-ден астам ұйым, онда 22 мыңға жуық педагог жұмыс істейді. Осы салаға облыстық бюджеттен бөлінген қаржы ағымдағы жылы 217,9 миллиард теңгені құрады. Сондай-ақ, балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтуды арттыру үшін биыл 1 426 орындық 6 балабақша құрылысы жалғасуда. Жыл басынан бері 1255 орындық мектепке дейінгі 17 ұйым ашылды.

−1 шілдеден бастап балабақшаларда аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан 6 мыңнан астам бала Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділ Қазақстан – барлығы үшін және әрқайсысы үшін» сайлауалды бағдарламасын іске асырудың арқасында тегін тамақтануға мүмкіндік алды. Сонымен қатар, осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап мектепке дейінгі ұйымдардың барлық педагогтарының жалақысына 30 пайыз үстемеақы қосылды,−деді өз сөзінде ведомство басшысы.

Қазіргі уақытта жалпы білім беретін мектептерде 139 мыңнан астам оқушы оқиды.  Биыл алғаш рет 58 мың бастауыш сынып оқушылары үшін  тамақ тегін болды.

Брифинг барысында білім басқармасының басшысы 2023-2024 оқу жылында облыста 10 мың оқушыға арналған көлікпен жеткізу қызметі  ұйымдастырылғанын айтып өтті.

−Күнделікті тасымалдаумен мектептері жоқ ауылдардан 4 563 бала, ал, елді мекен ішінде 5 359 бала қамтылды. Тасымалдауды ұйымдастыру үшін 194 автокөлік тартылды,−деді  Шоқан Оразалин.

Жалпы білім беретін мектептерде 16 мыңнан астам педагог жұмыс істейді. Жоғары білімі бар мұғалімдер саны 87,9 пайызды, техникалық және кәсіптік білімі барлар 12 пайызды құрайды. Биылғы жылы жаңа жүйе бойынша облыстың 10 мыңнан астам педагогы аттестатталды. Сондай-ақ, облыс мектептеріндегі интернет жүйесі бойынша қалыптасқан жағдайға келсек, барлық мектептер интернетке 8 Мбит/сек және одан жоғары жылдамдықпен қосылды.

−Өңірдегі 277 мектептің интернет жылдамдығы 20 Мбит/с-тан асады, қалған 270 мектепте интернет жылдамдығы талаптарға сәйкес келмейді. Бұл мәселені шешу үшін 2024 жылдың қаңтарынан бастап тиісті министрлік республиканың 2000 мектебінің қатысуымен пилоттық жобаны жоспарлап отыр, оның барысында 200 Мбит/сек жылдамдықты интернеті бар Starlink спутниктік жабдығы орнатылады, – деп атап өтті спикер.

Облыстық бюджет есебінен мектептердің алғашқы әскери және технологиялық даярлау кабинеттері мен спорт залдарына арналған жабдықтар сатып алынды. Ағымдағы жылы техникалық және кәсіптік білім ұйымдарын 5679 студент бітірді.  Олардың 71 пайыздан астамы жұмысқа орналастырылып, 700-ден астам студент оқуын жалғастырды.

Сонымен қатар, студенттік жатақханаларда орын тапшылығы проблемасын шешу үшін облыс орталығында әрқайсысы 300 орындық 4 студенттік жатақхананың  құрылысы жүргізілуде. Бұдан басқа, жоғары көпсалалы азаматтық қорғау колледжі 500 орынға арналған жатақхана салуды бастады. Өз сөзінде ведомство басшысы жаңашылдыққа да тоқталды.

−Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі бойынша Көкшетау қаласының құрылыс-технологиялық колледжінде және Степногорск қаласының жоғары колледжінде жалпы білім беретін мектептердің 10-11 сынып оқушылары үшін жұмыс біліктілігін игеру бойынша тәжірибелік білім беру бағдарламасы іске қосылды. Нәтижесінде 11 сыныпты аяқтағаннан кейін оқушылар мектепті бітіргені туралы аттестат пен жұмыс біліктілігін беру туралы диплом алады, – деп толықтырды білім басқармасының басшысы.

Кәсіпорындардың өтініштері бойынша колледждерге мақсатты қабылдау жалғасты. Бүгінде оның аясында 1,5 мыңнан астам студент мамандық алуда.

Брифинг соңында Шоқан Оразалин Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмасына сәйкес оқу жылының басынан бастап колледж студенттеріне шәкіртақы 50 пайызға ұлғайтылғанын атап өтті.  Осыған байланысты 15 мыңнан астам ақмолалық студент стипендия төлеумен қамтылды.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар