Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысының белсенді жастары жыл қорытындысы бойынша марапатталды - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысының белсенді жастары жыл қорытындысы бойынша марапатталды

Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жылды қорытындылау мақсатында, кешкілік іс-шарасы өтті. Шараға, Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы – Алмас Алин, басқарма басшысының орынбасары – Сабырхан Кенжебаев, өңірлік жастар ресурстық орталықтардың басшылары және белсенді жастар қатысты.

Қазіргі уақытта Ақмола облысында 212 233 жас азамат тұрады. Бұл облыс халқының жалпы санының шамамен 27 % құрайды. Оның ішінде ауыл жастары – 93 091 адам болса, қалалық – 119 142 адамды құрайды. Аталған жастармен бос уақытты тиімді пайдалану және жастар саясатын дамыту мақсатында арнайы жастар ұйымдары түрлі бағытта жұмыс жасайды.

Көкшетау қаласы бойынша 35-тен астам жастар және еріктілер ұйымдары бар болса, жалпы облыс бойынша 130-дан астам ұйымдар бар. Әрбір ұйым өңіріміздегі жастар саясатының даму жолында қызмет етіп, қоғамда орасан зор үлестерін қосуда.
Осыған орай, аталмыш ұйымдардың ішінен жыл бойы қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқан, жастар ресурстық орталықтармен бірлесе өткізген шараларға атсалысқан белсенді жастар қатары және облысымыздың жастар ресурстық орталықтарының басшылары ішкі саясат басқармасының басшысы атынан алғыс хаттармен марапатталды. Сонымен қатар, «Үздік ЖРО» номинациясы бойынша – Қосшы қаласының Жастар ресурстық орталығы,  «Белсенді ЖРО» номинациясы бойынша – Зеренді ауданының  Жастар ресурстық орталығы,   «Үздік Тренд-2023»  номинациясы бойынша – Атбасар ауданының  Жастар ресурстық орталығы атанды. Әр номинация жүлдегерлері дипломдар және бағалы сыйлықтарға ие болды.

«Жастардың қай замандарда болмасын, әрқашан қоғамда үлкен әлеуметтік күшке ие болғанын байқаймыз. Олар әрдайым қоғамның ең белсенді мүшесі әрі жұмыс күші болып табылады. Оның үстіне бүгінгі жастың ертеңгі елдің болашағын жандандырып елімізге пайдасын тигізетіне кәміл сенемін. Сөзімді қорытындылай келе, ең бірінші сіздерді келе жатқан Жаңа жылдарыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Қызметтеріңізге табыс, қажымас қайрат пен үлкен армандарыңызды жүзеге асыруда сәттілік, келе жатқан жаңа жылда жаңа табыс тілеймін! Әрқайсыңыз Тәуелсіз Қазақстанның гүлденуіне сүбелі үлес қосып, әлеуеті зор, бәсекеге қабілетті, дені сау азамат болуларыңызға тілектеспін!» – деп ізгі тілекпен  Ішкі саясат басқармасы басшысы – Алмас Аянұлы өз сөзінде тоқталып кеткен болатын.
Кеш соңында барлық қатысушыларға арнайы ойын өткізіліп, концерттік бағдарламармен жалғасын тапты.
Ізгі құрметпен,
Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасы
Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығының
баспасөз қызметі
            (Балабеков Жеңіс байл.тел.50-72-69)

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар