Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ел үшін атқарған игілікті қызмет - АРҚА АЖАРЫ

Ел үшін атқарған игілікті қызмет

Көңіл төрінен айшықты орын алатын мұғалімнің еңбегін, бейнесін еш уақытта ұмытуға болмайды. Олар шәкірттеріне өмірдің қыр-сырын, сан қилы құбылысын терең ұғынуға мұрындық болып, адамгершілік қасиеттерге баулып, жан дүниесіне нұрлы шуақ сепкен жандар.

«Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтын анасы» деп тегін айтылмаған. Ұлы ғұламалардың да, Президенттің де, әкімдердің деүйретушілері, әріп танытқандары – мұғалім. Ендеше, елімізде алғашқы мектеп ашқан ұлы педагог, ғалым этнограф Ы.Алтынсарин айтпақшы, «Мұғалім – бәрінен қымбат».Мағжан Жұмабаевтың да ұстазға деген құрметін «Алты Алаштың баласы бас қосса, төр мұғалімдікі» деген сөзінен аңғаруға болады.

Бұл сөздің жаны бар екенін сонау 60-шы жылдары шәкірт болып, мектептен білім алып жүргенде сезгенбіз. Өйткені,ауылымызда ұстазға деген құрмет жоғары болатын. Ұстазды құрметтеу арқылы бізді білімге жетелейтін.  Бүгінгі таңда ұстазын қадірлемеген,білімді сыйламағандардың ғылымда үздік нәтижеге қол жеткізе алмай отырғанын көзбен көріп жүрміз.

…Есімдері тарихта алтын әріппен жазылып қалған, ұлы адамдар ұстаздарын қатты қадірлеген. Атап айтсақ, Абылайхан Төле биді, Шәкәрім Абайды, Жамбыл Сүйінбайды өздеріне ақылшы санап, «бәрінен қымбат – ұстазым» деп айтқан.

Ал, біз ауылымыздың мақтаны, 45 жыл мектебімізде директордың  оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары қызметін мүлтіксіз атқарған ұлағатты ұстаз, аяулы ана, сүйікті жар Алтын Жұмажанқызы Мейірманованың есімін шәкірттер де, әріптес ұстаздар да, ата-аналар да зор қуанышпен еске аламыз.

Алтын Жұмажанқызы Омбы облысында дүниеге келіп,1971 жылы Қызылтуауданының Чернигов орта мектебін үздік аяқтап, сол жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтының математика факультетіне оқуға түсіп, үздік студент атанады.

Студенттік өмірінде жақсы оқуымен қатар, қоғамдық жұмыстың белсендісі болады.Жарқын мінезді Алтынның еңбегі бағаланып, 1973-1975 жылдары Көкшетау облыстық Кеңесінің депутаты болып сайланады.Жастайынан өмірге оң көзімен қарап, қоғамдағы кемшіліктерді түзету үшін өз үлесін қосқан алғыр да әділ,  шындық пен адалдықты өзіне серік еткен жан.Ол өзінің еңбек жолын Қызылту ауданы, «Аманкелді» кеңшарының Ленин орта мектебінен бастаған.Шәкірттерге білім,тәлім-тәрбие беруде қанаты талмай, оларды білім биігіне жетелеу, қанаттандыру, сол үшін жаны, болмысы мен барын берудегі еңбегі ұшан-теңіз.Әр таңның атысы мен күннің батысында өзінің емес, шәкірттерінің қамы үшін тыным таппаған аяулы ұстазды оқушылар да, ата-аналар да ешқашанда естен шығармасы анық.

1978 жылы Қазақстан мұғалімдерінің V съезінің делегаты болып, өзінің де, ауыл мен ауданның да мәртебесін асқақтатқаны зор мақтаныш болса, 1981 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен «Құрмет Белгісі»орденімен марапатталуы Алтын Жұмажанқызының  ерен еңбегінің жемісі деп білеміз.

Еліміз егемендік алған шақта оқу-тәрбие жұмысына халық педагогикасын енгізіп, қазақтың салты мен дәстүрін зерттеу бағытында еңбек еткен мектеп ұжымы екі рет облыстық семинар өткізіп, (1993,1995) өз тәжірибелерін облыс көлеміне танытып, таратты.Соның айғағы болар, Ленин орта мектебінің ұжымы 1996 жылы республикалық конкурста «Сорос-Қазақстан» грантын жеңіп алды.Сонымен қатар, бірнеше республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысып,баяндамалар жасалды.

Ол жұмыс істеген мектеп ұжымында 9 жоғары санатты, 14 бірінші санатты ұстаздар еңбек еткен. Мектепішілік іс-шаралар, ай сайын өтетін ата-аналар жиналысы ұстаз – ата-ана – оқушы байланысын еш үзген емес.Оқушылар ұжымы өздігінен жұмыс жоспарын құрып, орасан зор белсенділік танытқаны  елімізде танымал тұлғалардың қалыптасуына бағалы  бағыт берді.Пән үйірмелері мен сыныптан тыс домбыра,ән,драма,спорт үйірмелері үздіксіз жұмыс істегенін айтпасқа болмас.

Міне, бүгіндері жүйрік уақыттың ұшқыр қанаты Алтын әріптесімізді мағыналы ғұмырының биік белесі – 70 жасқа жеткізіп отыр.Ұстаздық жолда талай-талай белестерден өтіп, биікті бағындырған, өркен жайған алып Бәйтерек.Отбасының ақылшысы – отағасы Нұртаза Сакуовпен бірге ұлдарын ұяға қондырып, асыл қызын ұзатқан ақ жаулықты абзал ана.

Жандос пен Асылхан екеуі заңгер, «Болашақ» бағдарламасымен Америкада білім алғанНұрлан мемлекеттік қызметкер. Кенже ұлы Жеңіс Мәскеуде дәрігерлік білім алған.Ерке қызы Гүлжан ұстаздық білім алса да, заман ағысына қарай  білікті кәсіпкер.

Алтын мен Нұртаза ауылымыздағы жоғары білімді үшінші отбасы.Сабырлы да салмақты отағасы мен жайдарлы жүзді отанасының мінездері жарасымды, тату-тәтті күн кешіп,шаңырақты шайқалтпай берік ұстап отырған өнерлі де өнегелі жанұяның өмір жолдары кейінгі ұрпаққа үлгі боларлықтай.

Алтын Жұмажанқызын 70 жас мерейтойымен құттықтай отырып, жарқын жүзіңізді мұң шалмасын, бойыңыздан қуат, жүрегіңізден шуақ кетпесін дей келе, бәйтеректің басына салған ұяңыздан өрбіген келін-балаларыңыз бен немере-жиендеріңіздің тойларына куә болып, ұзақ ғұмыр сүріңіз демекпін.

Алтынға

Келін болдың нұрға бөлеп маңайды,
Бір өзіңнен жылы шуақ тарайды.
Бақыт құсын ала келдің ордаға,
Сүйсінумен елім саған қарайды.

Ұстаз болдың білімді де білікті,
Өзің барда ұжым тығыз бірікті.
Ана болдың мейірімді, аяулы,
Жар атаңдың Нұртаз ағаға көрікті.

Орден алдыңжиырма бес жасыңда,
Өнер-білім, ақылболдыбасында.
Делегат бопсъезгеде барғанда,
Теңедімсенібағажетпесасылға.

Жетпіс белес міне, бүгін келіпті,
Рабым Аллаһ бар жақсылық беріпті.
Аман болсын ұрпақтарың әрқашан,
Құтты болсын осынау жасың көрікті!

Қайыргелді ИСИН.

Көкшетау қаласы.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар