Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Марат Ахметжанов «Бурабай» МҰТП-да жиын өткізді - АРҚА АЖАРЫ

Марат Ахметжанов «Бурабай» МҰТП-да жиын өткізді

Ақмола облысының әкімі Бурабай ауданына сапары аясында «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде болып, оның қызметімен танысты және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін көлік құралдарына ақы төлеу мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Талқылауға жергілікті атқарушы органдардың, ұлттық парктің және курорттық аймақта орналасқан кәсіпкерлік нысандарының басшылары қатысты.

«1 қаңтардан бастап «Бурабай» курорттық аймағының аумағына кіру үшін көлік құралдарына ақы төлеудің жаңа ережелері күшіне енді. Бурабай ұлттық саябағының шекарасында Бурабай ауданының 500-ден астам тұрғыны тұрады. Олардың барлығы Салық кодексі аясында ерекше қорғалатын табиғи аумаққа кіру ақысын төлеуден босатылған. Біз бұл бағытта ақпараттық жұмыс жүргіздік», – деді Марат Ахметжанов.

Бурабай ауданының әкімі Арай Садықовтың айтуынша, ұлттық парк шекарасында 66 коммерциялық нысан бар, оларда екі мыңға жуық адам жұмыс істейді. Бұған дейін аудан әкімдігінде жиын ұйымдастырылып, оның қорытындысы бойынша кәсіпкерлер көлік қызметкерлерінің жол ақысын төлеу қажеттігі туралы келісімге келген.

Жиын барысында кәсіпкерлердің пікірлері мен ұсыныстары тыңдалды.

Айта айтқанда, 2024 жылдың басынан бері заңнаманы жүзеге асыру мақсатында 5 бақылау-өткізу пунктін автоматтандыру жұмыстары жүргізілді.

Дереккөз: www.gov.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар