Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесіп, бірқатар өзекті мәселелерді талқылады. Күн тәртібінде реформаларды жүзеге асыру және Мемлекет басшысының бірқатар бағдарламалық құжаттарын орындау, халықтың өмір сүру сапасын арттыру, мемлекеттік институттарды дамыту және тағы басқа мәселелер қаралды.
Өңір басшысы өз сөзінде еліміздің тұрақты даму жолында саяси жүйені, әлеуметтік-экономикалық саланы кезең-кезеңімен жаңғыртуға қоғамдық ұйымдардың белсенді қатысуы қажеттігін атап өтті.
–Бізді өте үлкен міндеттер күтіп тұр. Қоғамдық кеңес – мәселені шешу жолдарын ұсынатын ұйым. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарының ережелеріне сүйене отырып, біз алдағы уақытта да ел мен өңірдің дамуына бағытталған маңызды міндеттерді бірлесіп шешуге, халықтың әл-ауқатының жоғары деңгейіне қолжеткізуге ұмтыла аламыз, – деді М.Ахметжанов.
Іс-шара барысында Ақмола облыстық Кеңесінің төрағасы Ермек Нұғымановөткенжылдыңқорытындысыбойыншаатқарылғанжұмыстарғатоқталып, 2024 жылғаарналғанжоспарларменбөлісті.
Жиын барысында тұрғындарды толғандырып жүрген бірқатар мәселелер көтерілді. Мәселен, әлеуметтік мәселелер жөніндегі комиссия төрағасы Бақыт Смағұл ауылдағы инфрақұрылымды кеңейту, жастарды жұмыспенқамтумәселелерін қарастыруды ұсынды. Аграрлық мәселелер, экология, инновациялық даму жәнетұрғынүй-коммуналдықшаруашылығымәселелеріжөніндегі комиссия төрайымы Мәриям Әбішева жиналғандарды қалдықтарды өңдеуде жаңа технологияны қолдану және өнеркәсіптіккәсіпорындардыңэкологиялық мониторингі туралы хабардар етті. Экономика және бюджет комиссиясыныңтөрағасы Алмат Нұрахметов өз баяндамасында халықтың әлеуметтік осал топтары үшін баспана мәселесін шешуге баса назараударды. Заңдылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комиссиясының төрайымы Сәуле Құсайынова Төтенше жағдайлар министрлігі академиясымен 5510 әскери бөлімінің жатақханаларына жүргізілген мониторинг нәтижелеріне, денсаулық сақтау саласындағы түйткілді мәселелерге тоқталды.
–Мемлекеттік органдар мен қоғам өкілдері өз мақсаттарына жету үшін бірлесіп жұмыс істеуі керек. Біздің басты міндетіміз – өңірдетыныштықты, дамуды, келісім мен ашықтықты қамтамасыз ету. Біздің ортақ жоспарларымыз, жобаларымыз бар. Біз өз тарапымыздан қоғам мен үкіметтің өзара әрекеттесуін құптаймыз. Біздің іс-әрекетіміз халықтың сұранысына сай болуы керек, –деп атап өтті сөзінің соңында өңір басшысы.
Айта кетсек, бүгінде облыста 21 қоғамдық кеңес жұмыс істейді, соның ішінде 1 облыстық, 20 қалалық және аудандық. Қоғамдық кеңестерге 240-тан астам адам тартылды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.