Рухани келісім – еліміздің ең басты жетістігі

Кеше Достық үйінде облыс әкімі, Ақмола облыстық әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің төрағасы Сергей Кулагиннің төрағалығымен осы кеңестің Рухани келісім күні қарсаңындағы кеңейтілген отырысы өтті. Оған кеңес мүшелері, Көкшетау қаласындағы діни бірлестіктерінің жетекшілері және БАҚ өкілдері қатысты.

Отырыс алдында облыс әкімі Ақмола облыстық дін істері басқармасының бұрынғы басшысы Сәуле Ыбыраеваны құрметті демалысқа шығуымен құттықтады және оның облыстың, елдің игілігі үшін атқарған көп жылдық қызметіне  шын жүректен алғыс білдірді.
Өз кезегінде сөз алған облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов  облысымыздағы діни ахуалға шолу жасай келіп, мектептердегі зайырлылық және дінтану негіздері пәнін оқытудың жай-күйі туралы айтып өтті.
Өңірімізде 228 діни бірлестіктің басын біріктіретін 12 конфессия жұмыс істейді, олардың 218-і әділет басқармасында тіркелген. Діни уағыздарды жүзеге асыратын 59 миссионер бар.  Үстіміздегі жылы шетел азаматтарымен Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактілері тіркелген жоқ. Мемлекеттік-конфессиялық қарым-қатынастардың негіздерін түсіндіру, діни экстремизмнің алдын алу, тұрғындардың діни және құқықтық сауаттылықтарын арттыру мақсатында құрамында 217 адам бар 23 ақпараттық-түсіндіру тобы жұмыс істейді.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Гүлнәр Құлышева балалардың денсаулығын қорғау – діни сенімдердің призмасы арқылы екпе егудің мәселелеріне тоқталып өтсе, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ақмола облысы бойынша өкіл имамы Қанат Қыдырмин, Көкшетау және Ақмола епархиясының епископы Серапион жиналғандарды мейраммен құттықтады және облысымыздың діни бірлестіктерінің өз қызметтерімен конфессияаралық келісімді нығайтатындықтарын атап өтті.  
 Өңір басшысы кеңес мүшелерін және Көкшетау қаласының діни бірлестіктерінің басшыларын Рухани келісім күнімен құттықтай келіп, тәуелсіздігіміздің арқасында әрбіреуіміздің кез-келген дінді ұстануға, ұлттық дәстүрді сақтауға және арттыруға, Рухани келісім күнін атап өтуге мүмкіндігіміз бар. Ешбір дін әлемде күшке, соғысқа, әділетсіздікке және азғындыққа шақырмайды. Діннің ұстанымы – бейбітшілік әділеттілік, тазалық, шыдамдылық және барлық тірі жандарға құрмет. Алайда, бұған қарамастан, әлемдік соғыс, терроризм, бүлікшілік, адамдарды, қару-жарақтарды және қандай да бір діннің атынан есірткі саудалау, сонымен қатар, бір дінді екіншісіне қасақана қарсы қою тоқтамай тұр. Сондықтан, бүгінгі таңда бізге өзінің зұлым ниетін өмірде жүзеге асыру үшін жалған діни сипатты доктриналарды жамылғандардың басқыншылық және зомбылық актілерінің шынайы мәнін ажыратуды және әшкерелеуді үйренуіміз қажет. Рухани келісім күні – шиеленістер мен қақтығыстарға мораторий күні, қайырымдылық және жақындарға көмек күні екендігін атап өтті.
Шара соңында діни бағыттағы белсенді жұмыстары үшін бір топ дін өкілдері облыс әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар