Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Облыс әкімі АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дэниел Розенблюмді қабылдады - АРҚА АЖАРЫ

Облыс әкімі АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дэниел Розенблюмді қабылдады

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дэниел Розенблюммен кездесті. Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын, сауда-экономикалық даму, ауыл шаруашылығы және туризм мәселелерін талқылады.

Құттықтау сөзінде өңір басшысы облыстың жетістіктері мен негізгі бағыттарына тоқталды.

«Ақмола облысы – Қазақстанның индустриалды-аграрлық аймағы. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы облыс экономикасына ең үлкен үлес қосып отыр. Облыс Қазақстанда өсірілетін бидайдың төрттен бірін өндіреді, жыл сайын 2 миллион тоннаға жуық жоғары сапалы астық 30-дан аса алыс және жақын шетелдерге экспортталады. Өңделген өнеркәсіп өнімдерінің үлесі облыста 80 пайызға жуықтайды.

Біздің облыс экономиканың түрлі салаларында әлемнің 90 елімен ынтымақтасады», – деді М. Ахметжанов.

Өз кезегінде АҚШ-тың Төтенше және Өкілетті Елшісі Қазақстанда бірлескен жобаларды жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.

Дэниел Розенблюмнің айтуынша, ол Ш.Уәлиханов атындағы университетте болып, онда оқитын студенттердің дайындық деңгейін жоғары бағалады.

Дереккөз:  www.gov.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар