Ауған соғысы – Кеңес Одағы тұсындағы тарихтың ең қайғылы беттерінің бірі. 1979 жылы 12 желтоқсанда Кеңес Одағы басшыларының шағын тобы Ауғанстанға кеңес әскерін енгізу туралы шешім қабылдады.
Сөйтіп, 1979 жылы 27 желтоқсанда КСРО әскерлері Ауғанстан шекарасынан өтіп, онда 1989 жылдың 15 ақпанына дейін соғыс қимылдарын жүргізді.
Кеңес әскерлерінің жекелеген бөлімшелері Ауғанстан аумағынан шыға бастауы өте күрделі операция еді. Он жылға жуық Ауғанстан әскерлері құрамында Қазақстаннан 22мыңнан астам жауынгер интернационалдық міндетін атқарды. Олардың 924-і сұрапыл шайқаста ерлікпен қаза тапты, 21 адам хабар-ошарсыз кетті, мыңдаған азаматтар елге мүгедек болып оралды. Қаншама қазақстандық отбасына қасірет әкелген Ауған соғысы біз үшін осылай аяқталған болатын. Бүгін он жылға жуық созылған осы соғыста қаза болғандарды еске алып, ортамызда жүрген ардагерлерге құрмет көрсетудеміз.
Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылғанына 35 жыл толуына орай, Краснояр қалалық үлгілі кітапханасында ауған соғысының ардагерлері Маулат Жағұпарұлы Оспанов, Борис Анатольевич Соколмен «Жат жерде жалын кешкендер» атты кездесу ұйымдастырылды.
Шара барысында бейнесюжет көрсетіліп, ауған ардагерлері өздерініңбастан кешкен оқиғаларын айтып берді, оқушылар сұрақ қойып,ол сұрақтарына жауап алды.
Іс-шараға Көкшетау қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығы, подполковник Аят Жүнісов, басқарманың тәрбие және идеологиялық жұмыс тобының жетекшісі, капитан Рахат Сабыров, Краснояр ауылдық округінің бас маманы Амангелді Баязитов, осы ауылдың ардагерлер кеңесінің төрағасы Есембек Әбішевшақырылып, Краснояр №1, №2 орта мектептерінің оқушылары қатысты.
Ш.МҰХАМЕДЖАНОВА,
Краснояр үлгілі кітапханасының кітапханашысы.
Көкшетау қаласы.