Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ата-баба зиратын сақтау – баршамызға сын  - АРҚА АЖАРЫ

Ата-баба зиратын сақтау – баршамызға сын 

Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, «Ауыл» партиясы облыстық филиалының төрайымы Анар Аяпбергенова өзіне жанайқайын білдірген сайлаушылар мәселесімен Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайхановпен кездесуге бастамашы болды.

Бұған себеп болған Целиноград ауданындағы Рахымжан Қошқарбаев атындағы ауылдың тұрғыны Бақыт Қырғызбаеваның хаты. Онда ол депутатқа соңғы бес жыл ішінде ауылдағы мұсылмандар зиратын сақтап қалу мәселесімен айналысып келе жатқанын айтады. Зираттың жанынан Нұра өзені өтеді, осыған байланысты құлпытастар, кірпіштен қаланған қоршаулар, сондай-ақ, жерленген адамдардың сүйектері суға шайылып кетуде. Бұған дейін ауыл тұрғындары бірнеше рет түрлі орындарға жүгінген, алайда, өзекті мәселе бүгінгі күнге дейін ашық күйінде қалып отыр.

– Мен бұл мәселемен Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайхановпен кездесуге қол жеткіздім. Кездесуге Целиноград аудандық мәслихатының төрайымы Ләззат Қонарбаева да қатысты. Ерболат Мақсұтханұлы бізді бұрыннан белгілі мәселе жөнінде тыңдап, Су шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Гүлмира Имашеваға жолықтырды. Әңгіме барысында Гүлмира Сағымбайқызы осы мәселеге қатысты қандай іс-әрекеттердің заңды екенін түсіндірді. Белгілі болғанындай, жергілікті атқарушы органдар өз жобасымен осы министрлікке жүгіне алады. Екінші жол – ауданда зираттың бүлінуіне байланысты төтенше жағдай жариялау. Қазіргі уақытта «Башкум» ЖШС осыған қатысты өз қызметін ұсынуда. Бұл жобаның құны 29 миллион теңге. Алайда, серіктестік өз жобасында құм өндіруді қатар жүргізуді көздеп отыр. Бұл аталған министрліктің құзыретіне кірмейтіндіктен, жоба қабылданбайтын болды. Осылайша жағалауды нығайту жұмыстарын жүргізу үшін шамамен 700 метр аумақты қамтитын жеке жоба қажет. Ал, құм өндіру жобасына келетін болсақ, мұның экологиялық жағы тағы бар, сондықтан, жергілікті халықтың пікірін ескеру қажет деп ойлаймын, – дейді Анар Сайлаубекқызы.

Депутат А.Аяпбергенова бұл мәселені одан әрі шешу үшін жеке бақылауына алды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар