Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың құттықтауы - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың құттықтауы

Құрметті ақмолалықтар!

Сіздерді шын жүректен көктем мерекесі – Алғыс айту күнімен құттықтаймын!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап көрсеткеніндей, бұл мереке біздің ұлттық сана-сезімімізде терең орын алған достық, мейірімділік және ынтымақтастық сияқты аса қымбат құндылықтарды айшықтап, қадір-қасиетіне терең бойлата түседі.

Құрмет, өзара көмек пен қолдаудың арқасында біздің жерімізде барлық қазақстандықтар қадір тұтатын және ерекше бағалайтын достық пен өзара түсіністіктің керемет ахуалы қалыптасты. Бұл жетістіктерде осыдан тура 29 жыл бұрын көктемнің тап осындай жарқын күні дүниеге келген Қазақстан халқы Ассамблеясының үлесі аз  емес.

Бүгінгідей Алғыс күні біз қымбатты жерлестер, сіздерге өзіміздің ризашылығымызды білдіреміз. Сіздердің әрқайсыңыз Отан игілігі үшін еңбек етіп, біздің елімізде келісім мен бірліктің және бейбітшіліктің сақталуына өз үлестеріңізді қосып келесіздер.

Бұл күні біз өздерінің күн сайынғы қажырлы еңбектерімен аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына лайықты үлестерін қосып келе жатқан, біздің денсаулығымызды сақтаған, тәртіп күзетінде тұрған және адамдарды     құтқарған жандардың бәріне алғыс сезімімізді білдіреміз.

Сіздер мен біздердің күн сайынғы қажырлы еңбегіміз – біздің Отанымыздың қуатының артуының, болашақ жеңістеріміздің берік іргетасының, әрбір отбасының амандық-саулығының, берекелі тұрмысының кепілі. Осы бір  көктем күні әрбір отбасына бейбітшілік пен ынтымақ-бірлік тілеймін. Денсаулықтарыңыз зор болып, Қазақстан Республикасының жарқын болашағы үшін еңбекте табыстан-табысқа жете беріңіздер!

***

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары!

Депутаттық корпус атынан Сіздерді жыл сайын 1 наурызда атап өтілетін Алғыс айту күнімен құттықтаймын!

Осы айтулы күні Қазақстан халқы көпұлтты республикамызда тұратын барлық этностар үшін сонау қасіретті қиын жылдарда адамгершілік пен руханилықтың салтанат құрғанын еске алады.

Қайырымдылық, мейірім, өзара көмек және бір-біріне деген құрмет қазақ жерінде біз бағалайтын және мақтан тұтатын достық пен өзара түсіністіктің ерекшеахуалын қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Бұл бірегей күннің басты мәні – тарихи жадыны сақтау, ұрпақтар сабақтастығын нығайту, жастарды адамгершілікке тәрбиелеу, туған жерге және айналадағы адамдарға алғыс айту мүмкіндігі.

Мен Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына, еліміздегі бірлік пен тұрақтылықты нығайтуға күнделікті қажырлы еңбегіменен үлес қосып жүрген өңірдің барлық тұрғындарына шынайы алғысымды білдіремін.

Осы мереке күні, құрметті жерлестер,Сіздерге шын жүректен зор денсаулық, мол бақыт, амандық, бейбітшілік пен өркендеу тілеймін!

Бейбіт ЖҮСІПОВ,
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар