Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Таңдаулы IT командалары бақ сынасты - АРҚА АЖАРЫ

Таңдаулы IT командалары бақ сынасты

Көкшетау қаласындағы жоғары техникалық колледжінің базасында қаланың жалпы білім беретін мектептерінің үздік IT командалары бақ сынасты. «Hackaton ЖТК-К 2024» бірегей іс-шараға мектеп оқушыларынан құралған 23 команда қатысты.

Жарыстың алдында оқушылар жоғары техникалық колледжінің   құзыреттілік орталықтарымен танысып шықты.

«Электроника» құзыреттілік орталығында (ҚО) балаларға өлшеу аспаптарымен қалай жұмыс істейтіні, төмен вольтты тізбектермен электр монтаждау жұмыстары қалай жүргізілетіні, микроконтроллерлер мен пропорционалды дифференциалды реттегіштерді бағдарламалау және автоматты реттеу жұмыстарының негіздері көрсетілді.

«Мехатроника» ҚО «FESTO» компаниясының жабдықтарындағы дайын шешімдер мысалында өндірістің технологиялық процестерін автоматтандыру және басқару жағдайлары көрсетілді. Болашақ жылу энергетикасы мамандарын қалай оқытатынын балалар «Жылу энергетикасы және газбен жабдықтау» құзыреттілік орталығынан танысып білді. Сонымен қатар, «HAAS CNC станоктары» ҚО жоғары сынып оқушылары АҚШ-тың HAAS фирмасының үш координатты VF-1, ST-10 CNC өңдеу станоктарының жұмысын тамашалады. Осы станоктар цилиндрлік беттері бар бөлшектерді жоғары дәлдікпен өңдеуге арналған. Ал, жаңадан ашылған электромобильдер мен гибридті автомобильдерді диагностикалау және қызмет көрсету тренинг орталығында жарысқа қатысушыларды инновациялық бағдарламалық қамтамасыз ету және сұранысқа ие мамандық алу мүмкіндігі қызықтырды.

Хакатон қатысушылары құзыреттіліктің оқу орталықтарын жабдықтау қазіргі заманғы талаптарға сәйкес келетін кәсіби дағдыларды алуға мүмкіндік беретінін атап өтті. «Білім беру үшін инновациялық шешімдер» тақырыбы бойынша идеяларды қалыптастыру IT құзыреттіліктерді қалыптастыру орталықтарының қолайлы жағдайында өтті. Командалар халықаралық Хакатон мамандарымен және қатысушыларымен қарым-қатынас жасаудың керемет мүмкіндігіне ие болды, өз кейстерін жаңа идеялармен толықтырды. Бірінші күннің жұмысы конкурстық презентациялардың прототиптерін жасаумен аяқталды.

Келесі күні жобаларды қорғау басталды. Ұсынылған 23 жобаның ішінен ең мықтысын таңдау керек болды. Жарыстың қорытындысын тәуелсіз жасанды интеллект шығарды. Барлық қатысушылар естелік сыйлықтар, дипломдар мен талапкердің сертификатымен марапатталды. Ал, жеңімпаздар дипломдардан басқа ақшалай сыйлықтарға да ие болды.

«Hackaton ЖТК-К  2024» жеңімпаздарына марапатты колледж басшысы Ақнұр Еслямова табыс етті.

Бірінші орынды «School tracking system» жобасымен №1 мектеп- гимназиясының «X-men» командасы қанжығасына байлады, нақтырақ айтсақ, Дәмелі Өтебаева жетекшілік ететін Руслан Әбдірашитов, Артем Кучерявенко, Богдан Томусяк сынды білімді оқушылар бар.

Екінші орынға «Білім берудегі ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған виртуалды шындық» жобасымен №6 мектеп-лицейінің «Еdu Vators» командасы ие болды. Оның құрамында Қозыбек Әділет, Салық Әлинар, Сиражиден Нұрқанат болса, оларға Жаңыл Сәрсенбаева жетекшілік етеді. Ал, үшінші орынды «Білім беру процесінде нейрондық желіні пайдалану» жобасымен Махаббат Бейсембаева жетекшілік ететін құрамында Владислав Бобылев, Андрей Бокк, Данила Незнайко сынды оқушылары бар №8 жалпы білім беретін мектебінің «Turbo Code» командасының қатысушылары иеленді.

– Іс-шараның негізгі мақсатының бірі білім сапасын, білімнің қолжетімділігін және студенттердің қатысуын жақсартуға ықпал ететін құралдар мен шешімдерді жасау болды. Қатысушылар онлайн оқытуды жақсартудан бастап STEM пәндерін оқытудың инновациялық әдістерін жасауға дейінгі көптеген мәселелермен жұмыс істеді. Алайда, хакатон тек техникалық шешімдермен шектелмеді. Көптеген жобаларға педагогикалық процесті өзгерту, білім алушылардың құзыреттіліктерін, соның ішінде сыни ойлау, ынтымақтастық және мәселені шешу дағдыларын дамыту мен оқытудың заманауи әдістерін енгізу тұжырымдамалары кіреді, – дейді колледждің ІТ бағытындағы арнайы пәндер оқытушысы Нұржамал Оспанова.

Ұйымдастыру комитеті мен қазылар алқасының міндеті жеңімпаздар мен қатысушылардың бірде-бір шешімі жоғалып кетпей, пысықталып, өз қолданысын табуы болды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар