Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Туған жердің иісі бар әтір - АРҚА АЖАРЫ

Туған жердің иісі бар әтір

Ақкөл ауданының Кеңес ауылы мектебінің 5 сынып оқушысы Альбина Айдарханова ұстазымен бірлесіп, қазақ даласына тән хош иісті әтіройлап тапты.

Альбина ғылыми жұмыстың мақсаты қазақ даласының иісі атанған жусаннан қарапайым жағдайда әтір дайындау болды дейді. Сондай-ақ, әтірді иіскегенде шалғынды өсімдік, әсіресе, жусанның иісі шығатындай қалыпқа келтіруді жоспарлапты.

– Мақсатқа жету үшін үй жағдайында әтір жасау жолын зерттеп, тәжірибеде қолдану барысында жусан түрлерін анықтадық. Әдеттегі әтірлердің басты әрі негізгі элементі ретінде гүлдер қолданылса, біз кәдімгі жусан шөбін таңдадық. Себебі, оның шөбі мен тамырының тұнбалары тәбет аштырады, асқазан, ішек бездерінің қызметін күшейтеді, жүйке жүйесін тыныштандырады, әртүрлі шаншулар мен құрыспаларды, ауырған жерлерді басады, ұйықтауға да көмектеседі. Сондай-ақ, Сұлтан Бейбарыстың тап осы жусанмен байланысты аңызында «Жусанда туған жердің иісі бар», – деп айтылған. Осы қанатты сөзді ескере отырып, ер азаматтарға арналған әтірімізді «Елім-ай» деп атадық. Бұл атау өзімізге де шабыт берді, – дейді жоба жетекшісі, бастауыш сынып мұғалімі Жұпар Ахметова.

Әтірді үй жағдайында жасау әдісін үйрену үшін алдымен қарапайым иіссужасаудан бастапты. Кейін әтірдің хош иісі ұзаққа сақталуы үшін медициналық спирт қолданған. Жасалу әдісін тыңғылықты зерттеп, кейін өз жұмыстарына кірісіпті. Альбина мен жетекшісі бір иіс су және екі әтір әзірлепті.  Дайын болғаннан кейін оларды қараңғы әрі салқын жерге қойып, 4 апта сақтап, түстерінің өзгеруіне бақылау жүргізген.

– Үзіліс кезінде ұстаздар мен оқушылар назарына жасаған иіс су мен 2 әтірді ұсынып, олардың  иісі жайында пікірлерін сұрастырдық. Нәтижесінде 4 әтірдің екеуі көпшілікке ұнады, ал «Елім-ай» әтірін 8 адам қолдады, – дейді жас зерттеуші.

– Жарты жылдан соң, әтірлеріміздің хош иісінің сақталу уақытын анықтау үшін адамның терісіне, шифон матасына, тоқыма және мақтаға сеуіп, зерттедік. Әтірдің хош иісі адам терісінде 4 сағатқа жуық, шифон матасында 2 сағат 34 минут, тоқымада 15 сағат 12 минут және мақта матада 17 сағат 16 минут сақталып тұратынына көз жеткіздік.Құрамында эфир майы болса да, маталарда ешқандай дақ қалдырмайды. Сөйтіп, әтірдің жасалу жолын тоқтатпай, сапасын зерттеу басталды. Дүкен сөресінен қымбат және арзан иіссуларды сатып алып, сеппей, сапасын салыстырдық. Әрине, қымбат әтірдің сапасы жоғары болады. Ал, арзан әтірге қарағанда «Елім-ай» әтірінің сапасы едәуір артық екен. Біз үшін бұл үлкен жетістік! – дейді тағы да жоба жетекшісі Жұпар Жанболатқызы.

Жұмыс нәтижесін Альбина республикалық «Зерде» ғылыми жоба байқауында «Химия, биология» секциясы бойынша қорғап, жүлделі 3 орынға ие болыпты.

Ы.ШАМШИЕВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар