«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қоры жайлы ақпарат алған жандар жергілікті өкілдікке жиі бас сұғады. Көкшетаудағы өкілдікке облыстық ардагерлер кеңесі төралқасының мүшесі, еңбек ардагері Амангелді Ақынов арнайы келіп, өзін толғандырған ойларымен бөлісті.
Еңбек ардагері қоғамда болып жатқан жайларды қозғады. Жас өскелең ұрпақ арасындағы бейәдеп әрекеттері мен түрлі діни ағымдардың белең алып бара жатқанына қынжылысын білдірді. Қордың ұлттық идеология мен мүддеге сай барынша қызмет атқарса деген тілегін жеткізді.
“Болашақта ел тізгінін ұстайтын жастардың бойында патриоттық рух пен ұлтжандылық қасиеттерді сақтауға барынша назар аудару қажет. Сондықтан ғаламтор арқылы сан түрлі ұрпақтың санасын улап жатқан жайттардан арылуымыз керек” деді өзінің ойын сабақтаған Амангелді Ақынов.
https://adildik.org.kz/manifest/kz