Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жұмыла көтерген жүк жеңіл... - АРҚА АЖАРЫ

Жұмыла көтерген жүк жеңіл…

Адам жанының арашашысы атанған ақ халатты абзал жандардың құқықтарын қорғауды мақсат еткен «Ақмола облысы медицина қызметкерлерінің «SENIM» жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, әрі Көкшетау қалалық қоғамдық кеңесінің төрағасы Серік Кәкенов те «Әділдік және өркендеу» қоғамдық қорының манифестін қолдап, бірлесе жұмыс жүргізуге әзір екенін білдірді.

Қоғам белсендісі халықтың жүйкесін жұқартып тұрған әділетсіздіктер күнбе-күн айтылып, жоғары мінберлерде көтерілмес,е шешімін таппайтынын да баса айтты.

«Басты байлық – денсаулық саласында да шешімін таппаған мәселелер баршылық. Жергілікті жердегі дәрігер мамандардың жетіспеушілігі, әлеуметтік қолдау мәселесінің төмендігі баршаны толғандырады. Бұл сапалы медициналық қызмет көрсету ырғағына да ықпал етеді. Сондықтан осы бір келелі де, өзекті мәселелерді бірлесе көтерсек, оның тиімділігі де болар еді» деді Серік Кәкенов.

Ол өз сөзінде «Әділетті Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бойынша қолға алынған реформалардың іс жүзінде жүзеге асырылуы үшін ең алдымен медицина саласына көңіл бөлінуі тиіс деп есептейді.

Біз де «жұмыла көтерген жүк жеңіл» екенін, кәсіподақ ұйымдарымен ортақ мүдде жолында қызмет ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынымызға сендірдік.

https://adildik.org.kz/manifest/kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар