Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көкшетауда Қылшақты өзенінде су деңгейі төмендеді - АРҚА АЖАРЫ

Көкшетауда Қылшақты өзенінде су деңгейі төмендеді

Облыс орталығында су тасқынына қарсы іс-шараларға жергілікті атқарушы органдар, ТЖД, Азаматтық қорғау қызметтері, еріктілер және 85 техника, 20 мотопомпа, 300-ге жуық адам тартылды. Қазіргі уақытта Көкшетау қаласындағы жағдай тұрақталды. Су деңгейі түсті.

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов су тасқыны болған жерге келді.

«Ақмолалықтардан шыдамдылық танытуды сұраймын. Барлық қызметтер тәулік бойы жұмыс жүргізіледі. Әр ауданда жедел штабтар жұмыс істейді», — деді облыс әкімі.

Көкшетау қаласының әкімі атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

«Кеше түнде даладағы еріген қар суларының көбеюіне байланысты өзенде су көтерілді. Таңғы 7-ден бастап біз арнайы техниканы жібердік. Сонымен қатар, Қылшақты өзенінің қосымша арналары ашылды. Комиссия қазірдің өзінде жұмыс істеп жатыр, мекенжайларын жазып, су басқан 8 жеке үй бойынша актілер жасауда», — деді Бауыржан Гайса.

Қазіргі уақытта үйлерді су басу қаупі азайды. Жағалауды нығайту жұмыстары, қапшықтарды төсеу және еріген суды сору жұмыстары жүргізілуде. Су басу учаскелерінде полиция қызметкерлерінің кезекшілігі ұйымдастырылды.

Айта кетсек, ауа температурасының күрт көтерілуі нәтижесінде қардың мол еруі орын алып, Көкшетау қаласының Қылшақты өзенінде су деңгейі көтерілді.

Дереккөз: www.gov.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар