Көкшетауда Қылшақты өзенінде су деңгейі төмендеді

Облыс орталығында су тасқынына қарсы іс-шараларға жергілікті атқарушы органдар, ТЖД, Азаматтық қорғау қызметтері, еріктілер және 85 техника, 20 мотопомпа, 300-ге жуық адам тартылды. Қазіргі уақытта Көкшетау қаласындағы жағдай тұрақталды. Су деңгейі түсті.

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов су тасқыны болған жерге келді.

«Ақмолалықтардан шыдамдылық танытуды сұраймын. Барлық қызметтер тәулік бойы жұмыс жүргізіледі. Әр ауданда жедел штабтар жұмыс істейді», – деді облыс әкімі.

Көкшетау қаласының әкімі атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

«Кеше түнде даладағы еріген қар суларының көбеюіне байланысты өзенде су көтерілді. Таңғы 7-ден бастап біз арнайы техниканы жібердік. Сонымен қатар, Қылшақты өзенінің қосымша арналары ашылды. Комиссия қазірдің өзінде жұмыс істеп жатыр, мекенжайларын жазып, су басқан 8 жеке үй бойынша актілер жасауда», – деді Бауыржан Гайса.

Қазіргі уақытта үйлерді су басу қаупі азайды. Жағалауды нығайту жұмыстары, қапшықтарды төсеу және еріген суды сору жұмыстары жүргізілуде. Су басу учаскелерінде полиция қызметкерлерінің кезекшілігі ұйымдастырылды.

Айта кетсек, ауа температурасының күрт көтерілуі нәтижесінде қардың мол еруі орын алып, Көкшетау қаласының Қылшақты өзенінде су деңгейі көтерілді.

Дереккөз: www.gov.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар