Көкшетау қаласының кітапханаларында балаларға арналған кітап апталығы өтті. Бұл іс-шаралар балалардың дүниетанымын кеңейтіп, олардың әдебиет әлеміне саяхат жасауына, сондай-ақ,кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға бағытталды.
Қалалық орталық кітапхана жүйесі 12 кітапхананы біріктіреді. Осы апталық аясында олардың барлығында танымы мол тағылымды іс-шарлар өткізілді. Мәселен, Краснояр кітапханасының қызметкерлері балалармен викторинаны ойын түрінде өткізсе, Застанционный қалалық кітапханасында «Кітап – сарқылмас рухани әлем» атты мерекелік калейдоскоп ұйымдастырылды. Ал, қалалық балалар кітапханасында кішкентай оқырмандармен «Ертегі туралы ойлан» ойыны қызықты өтті. Содан кейін қызықтымультфильм көрсетілді.
«Бірлік» қалалық кітапханасында да «Таңғажайып кітап әлемі» атты экскурсия ұйымдастырылды. Тағы бір танымды іс-шараның бірі – орталық қалалық балалар мен жасөспірімдер үлгілі кітапханасында өткізілді. Онда жас оқырмандарақын, жазушы Серік Жетпісқалиевпен кездесіп, сөз өнері туралы әңгіме өрбітіп, ақынның шығармашылығымен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды.
Станционный қалалық кітапхана қызметкерлері балаларға арналған «Кітап адал досың» деген тақырыпта іс-шара өткізіп, кітапханаға экскурсия жасады, оның барысында қызықты әрі танымдық кітаптармен, энциклопедиялармен және анықтамалықтармен танысты.
Қалада балалар кітабының апталығы өте мазмұнды өтті. Балалар викториналарға, ойындарға қатысып, белсенді жас оқырмандарға ұйымдастырушылар естелік сыйлықтар мен тәттілер табыс етті.
Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.