Бүгінде еліміз бойынша бірқатар аймақтарды су басу қаупі жалғасуда. Иә, «Өрт пен су тілсіз жау» деген, су тасқыны Атбасар ауданында айналып өтпеді.
Алайда, тұрғындар мал-жанымен дер кезінде қауіпсіз жерге көшіріліп, өңір басшысының тапсырмасымен қолдау, көмектер көрсетілуде.
– 13 сәуір күні үйімізді су басып қалды. Сондықтан, құжаттарымды жинап, тиісті орынға тапсырайын деп келіп тұрмын. Бәрін жазып, өткіздім, енді дүйсенбі күні ақшалай көмек берілетін болды. Мен ол үшін алдымен, үкіметке, қазіргі көмектесіп жатқан төтенше жағдай қызметкерлеріне және басқаларына рахметімді айтқым келеді.
Өйткені, мал, дүниеміз топан судың астында қалып қоймай дер көзінде көмек келіп, ауламызға кірген тасқын су шығарылып, жағдайымыз жасалды. Аллаға мың шүкір, – дейді Атбасар қаласы Есенберлин көшесі 92-ші үйдің тұрғыны Жұмат Абдығожин.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.