Атбасар ауданының әкімі Аманбек Қалжановтың төрағалығымен өткен су тасқынына қарсы штабтың кезекті отырысында айтылған мәлімет бойынша, сәуірдің 13-інен 14-іне қараған түні Атбасарда су тасқынының екінші және соңғы толқыны болады деп күтілуде.
Қауіп дәл Жабай өзенінен басталып, оның деңгейі баяу, бірақ сенімді түрде көтеріле бастаған. Кешкі сағат 19:00-де 5,40-5,45 миллиметрге жетті.
Жабай өзеніндегі судың көбеюіне көршілес Сандықтау өңірінің ормандарындағы қардың еруі мен толассыз жауған жаңбыр себеп болып отыр. Барлық қызметтерге толық дайындық туралы ескертіліп, қосымша мың қап құммен толтырылуда.
– Қаламызда 120-дан астам көше болса, тек 19-ы ғана су астында қалды, кейде әлеуметтік желідегі ақпараттар қаланың бәрі қайықпен жүзіп бара жатқандай бұрмаланып жатады. Гуманитарлық көмекке келетін болсақ: оныкүтіп отырудың қажеті жоқ. Бізге барлық мекен-жайлар белгілі, біз қажетті затты өзіміз жеткізуіміз керек, сонда көмек қажет болған жерге келгенімізді анық білеміз.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.