Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Шымкент және тараздық құтқарушыларға ел алғысы шексіз - АРҚА АЖАРЫ

Шымкент және тараздық құтқарушыларға ел алғысы шексіз

Ақмола облысында елді мекендерді су басу қаупі сейілді. Көп болып жұмылудың арқасында 25 елді мекендегі екі мың тұрғын үйді су басу қаупі жойылып, су тасқынынан зардап шеккендерге келтірілген шығын барынша азайтылды.Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Атбасар қаласында басқа аймақтардан көмекке келген су тасқынын жоюға қатысушылармен салтанатты түрде шығарып салу рәсімін өткізді.

Бұл су тасқыны Ақмола облысының да ең өзекті мәселесіне айналды.    Оған қарсы іс-шараларға үш мыңнан астам азаматтық қорғау қызметкерлері, Ұлттық ұлан, ішкі істер органдары, бір жарым мыңға жуық арнайы техника жұмылдырылды. Өңірдегі елді мекендерді қорғау үшін ұзындығы 45 шақырымға созылған топырақ үйінділері және  300 мың қапқа жуық инертті материал дайындалды.

Су басу қаупі бар өңірлердегі алдыңғы шепте Ақмола, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаменттерінің қызметкерлері, Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғаныс академиясының курсанттары мен офицерлері, 5510 әскери бөлімінің  жеке құрамы, полиция қызметкерлері мен еріктілер болды.

Ақмола облысында көктемгі су тасқыны орын алған күрделі де ауқымды аумақтардың бірі болған Атбасар ауданында соңғы аптада тәулік бойы 400-ден астам адам су тасқынымен күресті. Қазіргі уақытта Жабай өзеніндегі су деңгейі 2,8 метрге дейін төмендеді. Су басу қаупі сейілді.

Осыған орай, аймақ басшысы Марат Ахметжанов Атбасар қаласында су тасқынын жоюға қатысушыларды салтанатты түрде шығарып салу рәсімінде бірлескен күш-жігердің арқасында апаттың шарықтау кезеңдері аз шығынмен өткендігін, сондай-ақ, барлық белсенділердің өздеріне жүктелген тапсырманы мүлтіксіз және абыроймен орындағандарын атап өтті.

–Бүгін міне, біз өз уақытымен санаспай, табиғи апатпен күресуге көмекке келген батырларды, құтқарушыларды үйлеріне шығарып салу үшін жиналып отырмыз. Су тасқынының салдарымен күресуге қатысқан белсенділеріміз бірлескен және жедел әрекеттерінің арқасында су тасқынының ауыр зардаптарын болдырмады және ең бастысы, адамдардың өмірін сақтап қалды. Бұл мәселеде азаматтық қорғау, ішкі істер және қорғаныс ведомстволарының қызметкерлері көп жұмыс атқарды. Сіздер өзіңізге жүктелген миссияны абыроймен орындап, адамдардың өмірін, қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғадыңыздар. Азаматтарымыздың тыныштығы мен өз өмірлеріне деген сенімі ең алдымен, сіздердің сын сәттердегі іс-әрекеттеріңізге көп байланысты болды. Осы орайда, үмітті ақтай білгендіктеріңіз үшін барлығыңызға алғыс білдіремін, – деді Марат Ахметжанов.

Су тасқыны кезінде еріктілер, тұрғындар мен кәсіпкерлер де көп көмек көрсетті. Аймақ басшысы қалпына келтіру жоспарларына да тоқталып өтті.

–Қазір қалпына келтіру жұмыстарының кезегі келді. Алда атқаратын істер әлі де көп. Үйлер мен инженерлік инфрақұрылымдарды салу қажет. Бұл бағыттағы жұмыстар кезең-кезеңімен атқарылуда. Бірінші кезекте су тасқыны кесілген ауылдарға көлік жолдары ашылып, барлық өтініш берушілерге біржолғы көмек төленіп, материалдық шығын есептелуде. Бірде-бір зардап шегуші назардан тыс қалмайды,–деп облыс әкімі зардап шеккен тұрғындарына міндетті түрде көмек көрсетілетінін тарқатып айтты.

Шымкенттік құтқарушы Роман Письменский соңғы үш аптадан бері Аршалы және Атбасар өңірлерінде еріген қар суларымен күресті.

–Біз судың көп болғанынсу қатты көтерілген кезде11 сәуірде көрдік. Негізгі күштер мен құралдар өзенге жақын жағалаудағы аудандарға бағытталды. Еріктілер де түнде көлікпен жүріп, белсенді жұмыс істеді. Олар ыстық шай, қолғаптар мен тұтыну материалдарын әкелді, – деді ол.

Атбасар қаласында медицина қызметкерлері де өздерінің қызметтік міндеттерін ойдағыдай орындады. Тараздан келген апаттар медицинасы орталығының мамандары науқас тұрғындарды эвакуациялап, емдеуге көмектесті. Орталық дәрігері Алмас Шынышердің айтуынша, олар су басқан ауылдардың бірінде жүкті әйелді көшіріп, алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Сондай-ақ,  құтқарушылар да ұзақ уақыт суық суда болғанда дәрігерлік көмек көрсеткен.

–Ең алдымен, біз шынымен мұқтаж жандарға қол ұшын бердік. Олардың қатарына қарттар, жүкті әйелдер, мүгедектер жатады. Әрине, құтқарушыларға да жәрдемдестік. Сондай-ақ, еріктілердің де науқас адамдарды үйлерінен шығаруға көмектескенін айтқым келеді, – деді Алмас Шынышер.

Су тасқынына қарсы іс-шараларға белсенді қатысқан еріктілер ұйымдарының жұмысынтұрғындар, құтқарушылар мен  дәрігерлер жоғары бағалаған болатын.Атбасар қаласының жастар ресурстық орталығының төрайымы Камила Рысбекова 1 сәуірден бастап алғашқы жедел жәрдем, әскери қызметшілер мен төтенше жағдай қызметтері келе бастағаннан бері еріктілердің оларғакүн сайын  тоқтаусыз көмектескенін  атап өтті. Екі апта  бойы  оларға ыстық шай беріліп, тамақтандырылып отырды.

–Біз келген барлық қызметшілерге  көмектесуге тырыстық. Өйткені, олар біздің көмегімізге мұқтаж болды.  Біздің штабта 20-дан астам еріктілер бар. Олар  желтоқсан айында жалғыз тұратын әжелерге көмек көрсете бастаған еді. Ал, су тасқыны кезеңінде еріктілер де қоңырауларға жауап бере бастады. Су көтерілсе, біздің жігіттер жиһазды, екінші және үшінші қабатқа апарды. Бүгінгі таңда,  біз гуманитарлық көмек жинап, көмекке мұқтаж қала тұрғындарының барлығына көмектесіп жатырмыз, деді өз сөзінде.

Құтқарушыларды жолға шығарып салуға Атбасар тұрғындары келді. Өйткені, олар қиын күндерден бірге өтті. Су тасқынына қарсы бөгет тұрғызды және адамдарды эвакуациялауға жәрдемдесті. Атбасар қаласының тұрғыны Екатерина Матрос  Төтенше жағдайлар министрлігі мен полиция қызметкерлеріне үлкен алғыс білдірді. Олардың осы қиын-қыстау күндерде халыққа шынайы қолдау көрсеткендерін атап өтті.

–Шынымен де, су тасқынын тоқтату өте қиын еді. Бірақ, соған қарамастан, бұл қайсар жігіттердің арқасында қорқыныш жоқ екенін айтқым келеді. Сіздерге көп рахмет, – деді қала тұрғыны.

Айта кетерлігі, облыста су тасқыны жағдайы тұрақталып келеді. Қазіргі таңда облыстың оңтүстік-батыс аудандарында еріген қар суының жайылу салдары жойылуда. Өз кезегінде ақмолалық құтқарушыларАтбасардағы су тасқынының зардаптарын жойғаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысына көмекке барады.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

  Суреттерді түсірген Айбек ДАНИЯРОВ

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар