Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жастардың есірткімен әуестігі жиілеп кетті - АРҚА АЖАРЫ

Жастардың есірткімен әуестігі жиілеп кетті

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты төрағасының міндетін атқарушы Сағдат Сейітова психотроптық заттарды қолдану және олардың жастарға кері әсері туралы кеңінен баяндап берді.

Облыс аумағында есірткіге қатысты қылмыс саны артып барады. Айталық өткен жылы қылмыстық іс бойынша облыстық мамандандырылған ауданаралық соты 47 азаматқа қатысты 34 істі қараған. Өкініштісі, есірткі саудасының құрығына түскендердің көбі мектеп оқушылары мен студенттер екен.Мамандардың айтуынша, олардың «ғаламтордың көмегімен оңай олжаға кенел» деп менмұндалап тұратын жарнамалардың кесірінен қылмыстық жаза арқалап кету әбден мүмкін.

Кәмелеттік жасқа толмағандар оңай әрі қомақты олжа табуды көздейді. Сәйкесінше, есірткі саудасымен айналысушылардың көбі жастар. Брифинг барысында баяндамашы жыл басынан сотқа 33 қылмыстық іс түскен, оның 18-і заңсыз есірткі бизнесімен айналысуға қатысты екенін айтты.

–Мәселен, өткен жылы мамандандырылған ауданаралық соты кәмелеттік жасқа толмаған 2 азаматты соттады. Олар да өзге сотталушылар сияқты әдемі жарнамаға алданып қалған. Екеуі де колледж студенттері, яғни, болашаққа жоспар құрып, белгілі мамандық иесі атануды көздеп жүрген жастар болатын. Алайда, шалыс басқан бір қадам болашақтарына балта шапты. Әрқайсысы 6 жылға бас бостандығынан айырылды,–деді Сағдат Сейітова.

Айта кетерлігі, қылмыстық істердің қорытындысы бойынша өткен жылы 42 азамат істі болған. Олардың біреуі 5 жылға дейін, 40-ы 5 жылдан 12 жылға дейін, тағы біреуі 12 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылған.

Сондай-ақ, Сағдат Сейітованың айтуынша, қылмыскерлер көбінде бұліс-әрекетке әйелдерді де тартады екен. Тіпті кәмелеттік жасқа толмаған, кішкентай балалары барлар да кездеседі.Өткен жылы әйелдердің қатысуымен болған 6 іс қаралып, 8 азаматша жауапқа тартылды.

–Барлығына да бас бостандығынанайыружазасытағайындалды. Жасерекшеліктерітуралыайтарболсақ, 18-20 жасаралығындағы 5 әйел, 21-29 жастағы 20 азаматша, 30-39 жасаралығындағы 10 әйелісті болды. Олардың біреуі 60-тан асқан. Оданқалды, 3 колледж студенті тағыбар,–деп толықтырды баяндамашы.

Көбіне қолға түскендердің дені есірткіні жасырушылар болып табылады. Мамандардың айтуларынша, таратушылар мен жұмыс берушілер шет елде отырады екен. Бұдан бөлек, есірткі зертханасын ұйымдастыру істері де қарастырылып жатыр.

Брифингті қорытындылай келе, баяндамашы аталмыш қылмысқа барғандар 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін ескертті.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар