Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың құттықтауы

Құрметті жас ақмолалықтар!

Сіздерді шын жүректен Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаймын!

Біздер, үлкендер үшін бұл мереке ұрпақтарымыздың жарқын болашағы біздерге байланысты екенін тағы бір еске салатын айтулы күн. Біздің балалардың қалай өсіп-өнетіні, қандай ортада өмір сүретіні шынымен, біздерге, ересектерге байланысты.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау әрқашан біздің мемлекеттің басты міндеттерінің бірі болып қалатындығын, мемлекет жыл өткен сайын жұмыстың осы бағытын күшейте беретіндігін, өйткені, балалардың жағдайының жақсы болуы біздің еліміздің тұрақты дамуының және жарқын болашағының негізі екендігін баса атап көрсеткен болатын.

Бала – біздің өміріміздің ең қымбат құндылығы. Сондықтан, біз балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлуге тырысамыз. Осы балалар үшін білім ұйымдарында, көшелер мен үйлерінде қауіпсіз орта жасау – басты парызымыз. Бұл үшін үлкен жұмыстар атқарылуда. Бейнебақылау жүйелері орнатылып, мектептер мен балабақшаларға жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Осының бәрі біздің балалардың жайлы және қауіпсіз ортада өсулері үшін жасалып жатқан жұмыстар. Әрбір бала өзінің қоғамымызға керек және сүйікті екенін сезінуі, қауіп-қатерден қорғалғанын білуі – біздің қолымызда.

Бүгінгідей мереке күні балаларға өздерінің жан жылуларын беретін ата-аналардың, ата-әжелердің, ұстаздардың бәріне ерекше алғыс сезімін білдіргім келеді. Олар балаларымыз дені сау және бақытты болып өсуі, лайықты білім алып, өмірде өздерін көрсете білулері үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда. Осы ретте, әсіресе, көпбалалы отбасылар мен өздері қамқорлығына алып, асырап алған балаларға барлық жағдайды жасап отырған отбасыларына ризашылығым шексіз.

Құрметті балалар!

Сіздер өз ата-аналарыңыздың өмірін бақытты етіп, өздеріңіз үшін мақтаныш және ізгі үміт өркендерімен нұрландырып келесіздер. Біздерді өз таланттарыңызбен, оқудағы жетістіктеріңіз, шығармашылық  және спорттық табыстарыңызбен шаттыққа бөлейсіздер. Биылғы басталып жатқан жазғы каникулды да қызғылықты, өздеріңіз үшін пайдалы өткізетіндеріңізге сенімім  мол.

Сіздерге шын жүректен зор денсаулық, каникулдарыңыздың қызықты болуын, амандық-саулық пен бақытты балалық шақ тілеймін.

***

Қымбатты балалар, құрметті ата-аналар!

Сіздерді ең жарқын мерекелердің бірі – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Әрбір балаға қамқорлық жасау, оның құқықтарын, өмірі мен денсаулығын қорғау еліміздің маңызды міндеті, қазақстандық қоғамның басты қағидаты болып табылады. Мемлекеттің барлық күш-жігері балаларды тәрбиелеу, олардың білім алуы, толыққанды дамуы үшін қолайлы және заманауи жағдайлар жасауға бағытталған.

Осы мереке күні ата-аналарға, ата-әжелерге, мұғалімдерге, өз күш-жігерлері мен жан жылуын балаларымызға жұмсаған, оларды мейірімділікке, қамқорлыққа бөлеп, оқудағы таланттарын ашуға, шығармашылықтарын іске асыруға, спортта жеңіске жетуіне, болашағына жол ашатын барлық адамдарға ерекше алғыс айтқым келеді.

Біздің балаларымыз мүмкіндігінше алаңсыз, көңілді, қуанышты балалар болып қала берулеріне тілектеспін. Әр баланың дені сау және ата-анасының қамқорлығына бөленуін қалаймын. Аспан әрқашан ашық болсын, әр жаңа күн жарқын және қызықты болсын. Барлық ересектер мен ата-аналарға шыдамдылық пен мейірімділік тілеймін. Өскелең ұрпақтың бақытты және қауіпсіз балалық шағы үшін біз, үлкендер жауапты екенімізді ұмытпайық. Халықаралық балаларды қорғау күні құтты болсын!

Бейбіт ЖҮСІПОВ,
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар