Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Елдің тыныштығы мен амандығы бәрінен де қымбат - АРҚА АЖАРЫ

Елдің тыныштығы мен амандығы бәрінен де қымбат

«Көкшетау» мәдениет сарайында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың қатысуымен және құттықтауымен Қазақстан полициясы күніне арналған салтанатты шара болып өтті.

Полиция департаментінің автопаркі Hyundai Elantra және Hyundai Sonata маркалы 27 автомобильмен толықтырылды.

– Сіздерді кәсіби мереке – Қазақстан полициясы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Елдің тыныштығы мен халықтың амандығы бәрінен қымбат. Сол себепті, азаматтардың қауіпсіздігін, қоғамдағы тәртіпті қамтамасыз ететін орны ерекше құрылым – ішкі істер органдары болып табылады. Жеке өз басым полицияның қызметі үлкен жауапкершілікпен қиындыққа толы екенін білемін. Құқық қорғау органдары құқықтық режим мен заңдылықты қамтамасыз ету, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау жөніндегі күрделі және жауапты міндеттерді лайықты орындап келеді. Ішкі істер органдарының әрбір қызметкері әділдіктің, ашықтықтың және адалдықтың үлгісі болуы тиіс. Сіздер елдің тұтастығын сақтау жолында тынымсыз еңбек етіп келесіздер. Өз қызметтік міндетін адал атқаратын білікті мамандардың қатары көбейе берсін дегім келеді. Бүгінгі таңда жүргізіп жатқан жұмыстарыңыз оң нәтижесін беруде. Облыста жеке адамға және меншікке қарсы жасалған қылмыстар саны азаюда. Халқымыздың тыныштығын сақтау мен елімізді дамыту жолында атқарып жатқан еңбектеріңіз әрқашан жемісті болсын. Ел мүддесінқорғау жолында сіздерге мол табыс, отбасыларыңызға береке-бірлік тілеймін, – деді облыс әкімі.

Облыс әкімдігі полицияның материалдық-техникалық жағдайына аса көңіл бөліп келеді. Соңғы үш жылда ғана полиция департаментіне 4 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінді. Ағымдағы жылы осы мақсатқа 1,5 миллиард теңге бөлу қарастырылған. Автокөлік құралдарын лизингке алу тәжірибесі де жалғасын табуда. Биыл 701 миллион теңгеге техника сатып алынады. Құқық бұзушылыққа қарсы күресте пайдаланылатын қазіргі заманғы техникалар жүйелі негізде сатып алынуда. Атап айтқанда, өткен жылы арнайы принтер орнатылған 98 планшет сатып алынды. Ағымдағы жылы тағы да 33 планшет сатып алу жоспарланып отыр. Сонымен қатар,  биометриялық және халықты құжаттандыру терминалдарын сатып алуға қосымша 171 миллион теңге бөлінді. Бұдан бөлек полиция ғимаратының техникалық жағдайына ерекше мән беріледі.

Биыл Атбасар аудандық полиция бөлімі ғимаратының күрделі жөндеуін аяқтауға 79 миллион теңге бөлінді. Былтыр да күрделі жөндеуді бастауға 100 миллион теңге бөлінген болатын. 36 заманауи камера орнатуға 107 миллион теңге бөлінді. Соның арқасында, жалпы облыс бойынша сыртқы бейнебақылау камераларының саны 52 мыңға жеткізілді. Қазіргі уақытта олардың бір бөлігі кезекшілік бөлімдеріне және жедел басқару орталықтарына шығарылған.

Салтанатты іс-шара барысында өңіріміздің антына адал, сертіне берік, мінсіз қызметімен ерекшеленген бірқатар полиция қызметкерлері «С.Қ.Нұрмағамбетовке 100 жыл» медальдарымен және облыс әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды. Сонымен қатар, «JAC JS-4» маркалы қызметтік автомобильдердің 5 сертификаты табыс етілді. Іс-шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Салтанат БӘКІРОВА,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Суретті түсірген Айбек ДАНИЯРОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар