Бұланды ауданында төтенше жағдай (су тасқыны) салдарынан зардап шеккендерге тұрғын үй беру жөніндегі тұрғын үй комиссиясының кезекті отырысы өтті. Макинск қаласы бойынша тұрғын үйі апатты деп танылған үй иелерінен барлығы 11 өтініш қабылданды. 2 өтініш бойынша құқық белгілейтін құжаттардың болмауына байланысты бас тарту туралы шешім қабылданды.
Айта кету керек, Бұланды ауданының әкімдігі Болат Өтемұратовтың жеке қорымен су тасқынынан зардап шеккендерді таңдау және апатты тұрғын үйдің орнына сатып алынған жылжымайтын мүлікті кейіннен өтеусіз беру бойынша тұрғын үйлерді сатып алуға меморандум жасасты. Бүгінгі таңда 5 тұрғын үй сатып алынды, атап айтқанда, көпбалалы ана Л.Санаева, 2 топтағы мүгедек адам Жаңаси Х., қала тұрғындары С.Баймагамбетова, Е.Сапаева,Р.Бубликова.
«Сондай-ақ жақын арада қор қаражатынан ТЖ салдарынан зардап шеккен Макинск қаласының тағы 4 тұрғынына тұрғын үй сатып алу жоспарлануда. Тұрғын үй комиссиясы мүшелерінің жұмысы айрықша құзыреттілікті талап етеді, бұл заңдылықты, ұқыптылық пен еңбекқорлықты талап ететін құжаттамамен мұқият жұмыс» — Бұланды ауданы тұрғын үй комиссиясы төрағасының орынбасары О.Смағұлов.