Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Екі облыстың мәслихат депутаттары кездесті - АРҚА АЖАРЫ

Екі облыстың мәслихат депутаттары кездесті

Жуырда Павлодар облыстық мәслихатының корпусы Ақмола облысында жұмыс сапарымен болып, біздің өңірдегі әріптестерімен кездесу өткізіп, тәжірибе алмасты және екі жақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Сол күні қонақтар Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановпен кездесті. 

Екі өңірдің депутаттары мен аудандық және қалалық мәслихаттарының төрағаларын қамтыған жиын барысында қонақтарды қарсы ала отырып, сөз сөйлеген Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы Бейбіт Жүсіпов екі жақты қарым-қатынасты нығайту үшін осындай форматтағы кездесудің маңызды екенін атап өтті. «Өздеріңіз білетіндей, биыл мәслихаттарға 30 жыл толады. Екі облыстың депутаттары бірегей  тақырыптар мен толғандыратын мәселелерді талқылау, биліктің өкілді органдарының қызметін жетілдіру үшін неғұрлым тығыз байланыс орнатуға келісті» дей келе, Бейбіт Айтымұлы облыстық мәслихаттың жұмысына қысқаша тоқталып, өткен жылы қалалар мен аудандар әкімдерінің депутаттар алдында бюджет жобаларын қорғау, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін, облыстық басқармалар басшыларын тыңдау тәжірибесі алғаш рет енгізілгенін айтып жеткізді. Ал, өз кезегінде Павлодар облыстық мәслихатының төрағасы Илья Теренченко өңірдің депутаттық корпусының қызметін таныстырып, жаңа жобалар мен атқарылған жұмыстың нәтижелері туралы айтып берді. Оның айтуынша, Павлодар облыстық мәслихатында бүгінгі таңда жеті тұрақты комиссия құрылған. Депутаттық корпустың қызметі анағұрлым ашық және халықпен тығыз қарым-қатынас жасауға бағытталған.

Сонымен бірге, кездесу аясында Бейбіт Жүсіпов пен Илья Теренченко Ақмола және Павлодар облыстары мәслихаттарының ынтымақтастығы туралы меморандумға қол қойды. Әрмен қарай жиналған депутаттар Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановпен кездесті. Бұл ретте, өңір басшысы облысымыздың жетістіктері мен даму ерекшеліктерін айта келе, атқарушы және өкілді билік органдарының өзара тығыз іс-қимылының маңыздылығына назар аударды. Оған қоса, депутаттық корпустың облыстың дамуына қосқан ерекше үлесін де тілге тиек етті.

– Бүгінгі халықтың ризашылығы Президентіміздің бағдарламасына, алға қойып отырған концепсиялық тұжырымдамасына үлкен сенім білдіреді. Және халық пен биліктің ортасындағы сенімді қалыптастырып, жақсы қарым-қатынасқа жол ашады. Сондықтан, бүгінгі таңда бізде көлемді бағдарламалар көп. «Кең дала» деген жоба бар. Ол, ауыл шаруашылығы саласын ұлғайтып, көтеруге көмектеседі. Осыларды халыққа дұрыс жеткізіп, тиімділігін көрсетуіміз керек. Өкінішке орай, дұрыс іске аспай жатқандары да бар. Тұрғындарға жеткізе алмай жатқан да мәселелер жоқ емес. Сондай-ақ, ірі бизнес өкілдерін де тартып жатырмыз. Себебі, әлеуметтік-бизнестің де жауапкершілігі болуы керек. Осы орайда, Қосшы қаласында 18 миллиард теңгеге заманауи үлгідегі екінші облыстық деңгейдегі аурухана, Целиноград ауданында жаңа талапқа сай 7 мектеп салынады, – деген облыс әкімі павлодарлық депутаттармен болашақ жоспарларды да ортаға салды. Атап айтқанда Қопа көлінде айналма жол салу арқылы демалыс орнын ашу үшін «Қазцинк» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен 6,3 миллиард теңгеге келісім жасалып, қол қойылғанын тілге тиек етті. Шара соңында қос тарап мерейтойлық баспа өнімдері түрінде естелік сыйлықтармен алмасты.

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар