Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Төрт адамнан топ құрып алып... - АРҚА АЖАРЫ

Төрт адамнан топ құрып алып…

Астрахан аудандық соты қызмет бабын теріс пайдаланып, ірі көлемде мемлекет қаржысын ұрлағандары үшін аудандық пошта байланысы торабының төрт қызметкерін соттады.

Бұл оқиға осыдан үш жыл бұрын басталған. Аудандық пошта байланысы торабының басшысы, оның орынбасары, бас бухгалтер мен касса меңгерушісі қолда барда қонышынан басып, оңай жолмен олжа таппақ болады.
Осылайша төрт адамнан құралған топ 2013-1015 жылдар аралығында жалған құжат жасау арқылы ірі көлемде мемлекет қаржысын қолды қылады. Екі жылдың ішінде пошта басшысы 7087911 теңге, орынбасары  4335000 теңге, бас бухгалтер 6918000 теңге, ал, касса меңгерушісі 2728000 теңге ақшаны қалталарына басады. Оңай олжаға құныққан олар бәрін жымын білдірмей жасадық, ешкім ештеңе сезбейді деп ойлағанымен, тексеру барысында қолды болған ақша қылмысы ашылып, жалғандықтың бетпердесі сыпырылды. Бәрі қолмен қойғандай дәлелденген қылмысты бұрынғы
пошта байланысы торабының жауапты қызметкерлерінің мойындамасқа амалы қалмаған.
Бұл істі қараған аудандық сот пошта байланысы торабының бұрынғы төрт қызметкерін айыпты деп тауып, әрқайсысын жеті жылға бас бостандықтарынан айыруға, өздеріне тиесілі жеке мүліктерін тәркілеп, өмір бойы жауапты қызмет атқару құқығынан айыруға шешім шығарды.
Пошта торабының бұрынғы қызметкерлері шағымдануларына құқықтары бар десек те, қылмыстары нақты айғақтар арқылы  мойындарына қойылған іске қатысты сот шешімі өзгертілуі екіталай.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар