Орманды қоқыстан, өрттен сақтайық

Әрбір азаматтың міндеті тазалықты сақтау, демек, орманды – алқапты жерлерді қоқыстан, түрлі өртенетін қоқыстардан сақтау болып табылады. Әрбір адамзат қоқысты артынан жинап, оны арнайы жерлерге тастаса, өрт қауіпсіздігінің де алдын алар еді. Жаз айында өрт қаупі өте күшті. Әсіресе, бұл кезде орман алқаптарын өрттен көздің қарашығындай сақтауға тура келеді. Осы кезде адамдар демалуға барады да, көбісі қоқысты шашып кетеді.

Орманда өрт шығу себептерін сараптағанда, ол көбінесе адамдардың өз кінәсінен болатыны анықталды. Сондықтан өрт қауіпсіздігінің ережелерін үйрететін үгіт-насихат жұмыстарын тек өрт сөндіру, орман шаруашылығы қызметкерлері ғана емес, қоғамдағы барлық адамзат соны түсініп, қоқыстарды қалдырмау керек.

Орман шаруашылығының жұмысында өрт қауіпсіздігі – бірінші кезектегі мәселе. Орман шаруашылықтарының барлығында орманды өрттен қорғау жоспары болады.

Ауыл тұрғындары мен мектеп оқушыларына өрт қауіпсіздігін қатаң сақтау туралы ескертіліп, оның алдын алу шаралары туралы айтылды. Әрине, ормандардағы өрттердің бәрі сыртқы себептерден болады. Әйтпесе, орманның ішінде өрттің көзі жоқ деуге болады. Кейде ормандардың жануы найзағайдың әсерінен де болуы мүмкін. Бірақ ондай жағдайлар өте сирек кездеседі. Орман өртін негізінен адамдар тұтандырады. Мәселен, сөндірілмеген шылым не сіріңке; аңшылық кезіндегі оқтан тұтанған жалын салдары. Олар атқан оқтан бықсып шөптер жанып тұтанады, орманға тасталған тұтануға бейім майланған материалдар, орман ішінде болған саяхатшылар мен демалушылар немесе ауыл шаруашылығының жұмысшыларының кепкен шөп пен кесілген ағаш қалдықтары бар жерлерге алау жағуы, күннің сәулесі мол түсетін жерлерге шынының сынығын тастап кету, орманда шаруашылық жұмыстарын жүргізу кезінде өрт шығаратын заттарды қолдану, тағы басқалары болуы мүмкін. Орманды өрттен сақтау баршамыздың алдымыздағы басты міндет.

Тетейхан МОЛДАБЕК,
                               «Самарбай» орман шаруашылығының басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар