Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының қағидаттарының бірі – оған қоғамның қатысу принципі. Қоғам қоршаған ортаны қорғау және Қазақстан Республикасының тұрақты дамуы мәселелерін қозғайтын шешімдерді қабылдауға осы Кодексте белгіленген тәртіппен қатысуға құқылы.
Осылайша, қоғамның қоршаған ортаны қорғау мүдделерін қозғайтын мәселелер бойынша шешімдер қабылдау кезінде өз пікірін білдіруге құқысы бар.
Қоғамдық тыңдаулар – халықтың жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыруға қатысу жолдарының бірі.
Қоғамдық тыңдауларды өткізу тәртібі мен нормалары Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушысының 2021 жылғы 3 тамыздағы № 286 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық тыңдауларды өткізу қағидаларында көрсетілген.
Қоғамдық тыңдауларды өткізу жергілікті атқарушы органға жүктелген.Осылайша, жұртшылық қоғамдық тыңдаулар барысында жоспарланған іс-шараларға қатысты өз пікірін білдіруге құқылы. Мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қоршаған ортаның жай-күйіне әсер ететін жоспарланған шешімдердің ашықтығын, оларды қабылдау кезінде ескерілетін, жұртшылықтың өз пікірін білдіруіне мүмкіндік беретін жағдайларда қамтамасыз етеді.
Қоғамдық тыңдаулар туралы ақпарат https://ecoportal.kz/Public/PubHearings/PublicHearingIndex https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-upr/documents/1?lang=ru сайттарында жарияланған.
Айнұр Бажырова,
Ақмола облысы бойынша экология департаментінің қызметкері.