Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Байтақ жер» жобасы – туристік бизнестің қолдаушысы - АРҚА АЖАРЫ

«Байтақ жер» жобасы – туристік бизнестің қолдаушысы

Орталық Азияның Еуразия Қоры «Шеврон» компаниясымен серіктестікте іске асыратын «Байтақ жер» жобасының жеңімпаздары өз ісінің табыстылығын ілкімділікпен дәлелдей түсуде.

Жобаның екі жылға 2-6 миллион теңге мөлшерінде берілген пайызсыз қарыздары арқасында тоғыз ақмолалық кәсіпкер өз кірісін бірнеше есе ұлғайтып, өз ісінің жаңа дамыту қырларын ойлап тапты. Бұл жолда олар қаржылай қолдаумен бірге, жоба командасы ұйымдастырған оқыту курстары, инкубациялық бағдарлама және сарапшылар ақыл-кеңесін сәтті пайдалана білді. Кәсіпкерлердің сөзінше, жаңа білімдер және сарапшылармен жеке жұмыс олардың жобаларын іске асыруға зор көмек тигізді.

– Әрбір қатысушымен үш ай бойы жеке жұмыс жүргіздік. Әр екі апта сайын қатысушылар өздеріне мақсат қойды, біз тәуекелдерді талқылап, шектеулерді қарастырдық. Кездесулерімізді зумда өткіздік. Жеке қасиеттері мен қаржыландыру мерзімдеріне қарай 3 кәсіпкер белгіленген мерзімнен бұрын, 3 кәсіпкер анықталған мерзімге сәйкес мақсаттарына жетті және қалған 3 кәсіпкер бастапқыда жоспарланғаннан көбірек уақыт жұмсады, – деді «MOST» бизнес-акселераторының кәсіби трекері Татьяна Хасанова.

Татьянаның сөзінше, бизнес иесінің ойлары көптеген сұрақтарға жауап іздеуді қажет етеді. Сезімдерге жол бермей, жағдайды дұрыс бағалап, маңыздылықты анықтау кәсіпкерлер үшін кей уақытта қиынға соғады. Өз қызметтері мен тауарларын жақсартып қана қоймай, бизнес иелері жобаларын дамытудағы шектеулерден өтіп, бағаны өзгертуді, ұзақ мерзімді жоспарлауды, бір-ақ адамның икемділігіне негізделетін бизнес жүйеден бас тартуды үйренген.

Өз жобаларын қысқа мерзімнің ішінде сәтті іске асырған кәсіпкерлердің арасында Ерейментау ауданының тұрғыны Елдос Оспанов бар. 2001 жылдан бастап кәсіпкер көлді жалға алып, кәсіпқойлар мен спортшылар арасында балық аулауды дамытып келеді. Оның сөзінше, «Байтақ жер» жобасына қатысқаны балық аулау жолдамалары сатылымдарын екі есе ұлғайтуға көмектесті. Бұл жоғары нәтижеге қол жеткізуге кәсіпкер қазіргі 40 адамнан құралған Сarp club Toygankol-дің ашылуы және де диджиталға шығуы себеп болды деп атап өтті.

– Жобаға дейін әлеуметтік желілерді қолданудан алшақ болсам, қазір www.toygankol.kz сайты мен бизнес инстаграм-аккаунтының жұмысын жоспарлап отырмын. Жобаға қатыспаған жағдайда, осындай нәтижелерге қол жеткізуге болатыны жайлы еш ойламас едім. Маусым айында ҚР карпфишинг чемпионатын өткізсек, қыркүйекте Бөгенбай батыр белбеуіне арналған жарысты ұйымдастырмақпыз, сондай-ақ, жылдың аяғына дейін клуб мүшелерінің санын 50-ге дейін арттыруды көздеп отырмын, – дейді кәсіпкер.

Ақкөл ауданында «Красный горняк» бақтақ (форель) шаруашылығын дамыту идеясымен жобаға келген Фарида Елеусізова қазіргі таңда аттас отбасылық демалыс базасында енгізілген жаңашылдықтарды жетілдірумен  айналысады.

–Жобаға қатысып, өзіміз қызмет көрсететін тұтынушыларымыздың шеңберін балықшылар жанұяларына дейін кеңейтіп, қосалқы қызметтер арқасында отбасылық демалыс базасы ретінде дамуға болатынымызға көз жеткіздік. Оқытудан өту және жоба жеңімпазы атану ісімізді оңға бұруға көмектеседі. Сәуірдің ортасынан брондау жүйемізді толығымен автоматтандырдық, арнайы бағдарлама арқылы, каспий төлемдерді қостық әрі брондауда ЖИ құралдарын қолдануды жоспарлаудамыз. Бюджетке жаңа көзқараспен қарап, басқару есебін енгіземіз әрі әрдайым тұтынушыларымызбен байланыстамыз, – дейді ол.

Биыл «Красный горняк» дәмханасын ашты, оның келушілері арасында елордадан келе жатқан жүргізушілер де бар, себебі, демалыс базасы Астана қаласынан алыс емес, 124 шақырым қашықтықта орналасқан. Жобаға бөлінген қаржы тағы да монша, екі қонақ үй салуға жұмсалды, қонақ үйдің біреуі меймандарды қабылдауға дайын. Ал, сатылатын балық арқасында демалыс базасы күнделікті жұмыс кестесіне көшті.

Біржан сал ауданында орналасқан «Лес и звезды» глэмпингінің иесі Қанат Төкесбай өткен жылдың көктемі мен жазына қарағанда өз табысын 40 пайызға дейін ұлғайтты. Кәсіпкердің айтуынша, бұл жетістік «Байтақ жер» жобасына қатысудың арқасында мүмкін болды.

– Табыстың өсуіне әлеуметтік желілердегі белсенділік, жарнама, блогерлермен жұмыс, әрі бұл жұмысқа жауапты адамдардың командаға келуі жәрдемдесті, – дейді ол, – оқыту кезінде қосалқы қызметтер табыстың жоғары көтерілуіне жақсы әсер ететіні жайлы айтылған. Сол себептен, қарызымызды велосипедтер сатып алуға, бассейн мен мангал аймақтарын ұйымдастыруға бағыттадық. Қазіргі кезде демалушылардың бос уақытын өткізуге арналған инфрақұрылым жасаумен айналысудамыз, бәлкім, жабық бассейн, қысқы дәмханамыз да жақын арада ашылады.

Ақмола облысындағы эко, этно, агротуризмді дамытуға бағытталған «Байтақ жер» жобасы 2022 жылдан бері жүзеге асырылады. Жобаның І кезеңінің алты жеңімпазы өз жобаларын іске асыруға арналған пайызсыз қарызға ие болды. Жобаның ІІ кезеңіне қатысуға ниетін білдірген 73 кәсіпкердің 40-ы оқыту курсынан өтіп, олардан ақпанның соңында өткізілген қарыздар байқауы нәтижесінде 9 жеңімпаз іректелді.

«Байтақ жер» жобасы туралы толық ақпаратты www.baitaqzher.kz ресми сайтынан, подкастынан, сондай-ақ, жобаның Instagram парақшасынан таба аласыз.

Елена ГАРКОВА.

Суреттер жобаға қатысушылардың жеке мұрағатынан алынды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар