Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бес кәсіпорында «Халықтық бақылау» жобасы енгізілді - АРҚА АЖАРЫ

Бес кәсіпорында «Халықтық бақылау» жобасы енгізілді

Ағымдағы жылдың басынан бері біздің басқарма еңбек заңнамасының талаптарын сақтау мақсатында жеке және заңды тұлғалардың 689 өтінішін қарады. Оның ішінде еңбек қатынастары бойынша 644, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау тарапында 42 өтініш қаралды. Қай жерде болсын қауіпсіздікті сақтау – басты талап. Еңбек инспекциясы өңірдегі 103 кәсіпорын мен ұйымды тексерді. Тексеру барысында 125 заң бұзушылық анықталды. Сәл таратып айтатын болсақ, еңбек қатынастары бойынша 100, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша 22, халықты жұмыспен қамту бойынша 3 бұзушылықанықталды.  Кемшілікті жою үшін жұмыс берушілерге 68 нұсқама берілді.

2024 жылдың ағымдағы кезеңінде әкімшілік ықпал ету шаралары бойынша 33 лауазымды және заңды тұлғаларға 6811,7 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Бес ескерту жасалды. Есепті кезең ішінде өңірдегі өндірістерде 21 жазатайым оқиға орын алды. Осы оқиғалардың салдарынан 23 адам зардап шекті. Ең өкініштісі, үш адам қаза болды. Ал, бірнеше адам жапа шеккен 2 оқиғада төрт адам жарақаттанып, екеуі қайғылы қазаға ұшырады. Осы оқиғалардың барлығы мұқият тергеуден өткізілді. Өндірісте орын алған жазатайым оқиғалар туралы тиісті актілер жасалды. Оқиғалардың орын алуына себеп болған жайларды даайта кетуіміз керек. Мәселен, оның негізінде еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау қағидаларын бұзу тәрізді кемшіліктер жатыр.

Өндірісте жарақаттануды азайту мақсатында 11 кәсіпорында еңбек жағдайлары бойынша өндірістік нысандар аттестаттаудан өткізілді. Өңірдің 912 кәсіпорыны мен ұйымдарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестер құрылды. Қазір 1020 техникалық инспектор бар. Облыстың 222 кәсіпорны мен ұйымында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың халықаралық және ұлттықстандарттары енгізілді. Оқу-кеңесберу орталықтарында Қазақстан Республикасының еңбекзаңнамасы бойынша 488 басшы мен маман оқытылып, аттестаттаудан өткізілді. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында облыстың 5 кәсіпорнында «Халықтық бақылау» жобасы енгізілді. Облыс бойынша 3098 кәсіпорынмен меморандум жасалды.

Гүлден САУЫТОВА,
Ақмола облысының мемлекеттік еңбек инспекциясының
ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы,
мемлекеттік еңбек инспекторы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар