Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жадыраған жаз қызығы – жазғы лагерь - АРҚА АЖАРЫ

Жадыраған жаз қызығы – жазғы лагерь

Оқушы балалар асыға күткен жазғы демалыстың аяқталуына да аз қалды. Жаз қызығы – жақсы демалыс екендігі анық. Осы орайда, Ақмола облыстық білім басқармасының ұйытқы болуымен оқушылардың жазғы демалысын,олардың сауығуын ұйымдастыру бойынша ведомствоаралық жоспар дайындалған болатын.

Мемлекеттік органдар өткен жылғы ескертулерді ескере отырып, жазғы маусымға дайындық бойынша лагерь директорларымен түсіндіру жұмыстарын да жүргізіпті. Жаз бойы үйлестіру жұмыстарын жүргізетін өңірлік штаб та  құрылған.

2024 жылы балалардың жазғы демалысы қала сыртындағы 14 балалар сауықтыру орталықтарында ұйымдастырылған. Оның 7-еуі мемлекеттік болса, 7-еуі жекеменшік. Бұдан басқа,  жыл бойы жұмыс істейтін 2лагерь бар. Осы лагерьлер базасында 14500 бала өздерінің жазғы демалыстарын өткізуде.

Сонымен қатар, облысымыздағы 488 мектеп базасында 75900 баланың қатысуымен тамақтанатын және тамақтанбайтын мектеп жанындағы алаңдар жұмыс істейді. Қала сыртындағы тегін демалыспен 3100-ге жуық оқушы қамтамасыз етілген. «Жалпыға міндетті білім беру» қорынан жолдама сатып алуға шамамен 121,5 миллион теңге жоспарланған екен. Ақмола облыстық білім басқармасының берген мәліметіне сүйенетін болсақ, халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балалар үшін жазғы кезеңде 450 тегін жолдама «Балдәурен»республикалық оқу-сауықтыру орталығының филиалдарына, 250 тегін жолдама «Звездный» балалар сауықтыру орталығына бөлініпті. Ал, «Қазақстан халқына» қоры 5-8 сынып оқушыларына арналған лагерьлерге 1005 жолдама бөліп отыр. Осылайша, сауықтыру мен демалыстың барлық түрлерімен 117 170 бала қамтылатын болады деп жоспарланған.

2024 жылы лагерьлерді жаңғыртуға облыс бюджетінен 468,2 миллион теңге бөлінсе, оның ішінде «Жұлдыз» балалар сауықтыру орталығын күрделі жөндеуге 114,6 миллион, сондай-ақ, «Сұңқар» балалар сауықтыру орталығына  200 миллион теңге қаржы қарастырылған болатын.

Жазғы мезгілде балалардың қауіпсіздігін оңтайлы ұйымдастыру мақсатында профилактикалық жұмыстар жүйелі жүргізілуде.Кәмелетке толмағандар арасында және оларға қатысты жасөспірімдер қылмысының өсуіне жол бермеу мақсатында жаз бойы ішкі істер, білім беру, денсаулық сақтау органдарының қызметкерлерімен, сондай-ақ, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган, жергілікті өкілетті және атқарушы органдар, кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялар, үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріменкешенді бірлескен жұмыс жүргізілуде.

Балаларға қатысты зорлық-зомбылық пен қорқытуға қарсы «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» ақпараттық науқаны, «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн», «Түнгі қаладағы балалар» акциялары да жалғасып жатыр.

Бұл шаралар барлық қала сыртындағы сауықтыру лагерьлері мен орталықтарында учаскелік полицейлердің қатысуымен де ұйымдастырылады.

Оқушы балалар үшін жайдарлы жаздың қызығы – жазғы лагерь. Жасыратыны жоқ, қазіргі таңда оқу бағдарламасы бұрнағы жылдармен салыстырғанда біраз қиындау деп жатады сарапшылар. Ал, демалыс – балалардың жалпы физиологиялық, сана-сезімдік, дүниетанымдық тұрғыда даму мен жетілу кезеңіне өз игі әсерін тигізері анық. Мұндайда жазғы лагерьлердің алар орны ерекше. Себебі, жазғы лагерь демалыс орны ғана емес, үлкен тәрбие мен үгіт-насихат құралы екендігі анық.

Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар