Аудан орталығы Балкашинода жуырда ғана ашылған «Smol» дүкеніне тұрғындар аса қызығушылықпен баратын болды.
Себебі, ол орналасу жерінің ыңғайлылығы мен ондағы өнімдердің алуан түрлілігіне және бағасының қолжетімділігіне байланысты бірден халықты өзіне баурап алды. Дүкеннің ашылу рәсіміне аудан әкімі Ербол Жүсіпбеков қатысып, кәсіп иесі Әбдісалам Тұрсыновтың игі бастамасына табыс тіледі.
Бұл күні сауда орнына сатып алушылар көп келеді. Мұнда азық-түлік және тұрмыстық тауарлардың кең ассортименті ұсынылған. Жаңа дүкен сауда бәсекелестігін дамытуға және бағаның тұрақтылығын сақтауға септігін тигізеді деген ойдамыз.
Сонымен қатар, супермаркеттің ашылуы маңызды әлеуметтік мәселеге де игі әсерін тигізіп, 5 жаңа жұмыс орны құрылды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Сандықтау ауданы.