Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ұлттық құндылықтардың орны бір басқа - АРҚА АЖАРЫ

Ұлттық құндылықтардың орны бір басқа

Жуырда Қазақстан халқы Ассамблеясының «Елтану» ғылымиағартушылық жобасы аясында Костычев ауылында іс-шара өтті.

Ол «Еңбек пен бірлік жарасқан өңір» кіші жобасын жүзеге асыруға арналды.Бұл жобаның мақсаты өзге ұлт этностары арасында атадан балаға мұра болып келе жатқан салтымыз бен дәстүрімізді насихаттау болып табылады. Шараны ауыл тұрғындары қонақтарды қазақтың ұлттық тағамдары көрмесімен таныстырудан бастады. Әжелер мәдениет үйінің залында ұлттық тағам – жент жасау, жіп иіру бойынша шеберлігін көрсетсе, сәбиді бесікке салу көрінісі де өте әдемі өтті. Оқушылар тоғызқұмалақ пен асық атудағы шеберліктерімен тәнті етті. Сондай-ақ, кітапханаға экскурсия барысында 1908 жылдан бастау алатын мұражай экспонаттары көрсетіліп, ауыл тұрғындарының балалары мен немерелері қызығушылықпен танысқан ескі альбомдары ұсынылды.

Сонымен бірге, іс-шарада жиналғандар алдында аудан әкімінің орынбасары Мария Жекебатырова ауданәкімі ЖанболатХамитовтың атынан құттықтау сөз сөйледі. Оған қоса, «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы Айгүл Нұрмағанова аталған жобаның қоғамдық келісімді нығайтудағы маңыздылығын атап өтіп, ауылдың белсенді тұрғындарын Алғыс хаттармен марапаттады. Шара соңында «Костычев» жауапкершілігі шектеулі серіктестігініңакт залында концерттік бағдарлама ұсынылып, онда көркемөнерпаздар мүшелері әуезді әндер мен мың бұралған билерден тұратын өз өнерлерін ортаға салды.

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

 Жарқайың ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар