Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Темір жол бойынан тиімді жұмыс күтіледі - АРҚА АЖАРЫ

Темір жол бойынан тиімді жұмыс күтіледі

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың қатысуымен ауыл шаруашылығы, туризм салаларын дамытудың және темір жолда жолаушылар мен жүк тасымалдарын ұйымдастырудың өзекті мәселелері талқыланған кеңес болып өтті.

Кеңеске «Қазақстан темір жолы» АҚ және Ақмола облысы әкімдігінің басшылығы, ауыл шаруашылығы саласындағы ірі кәсіпорындардың басшылары, өңірдің жүк жөнелтушілері мен экспорттаушылары қатысты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау аясында Бурабай курортын дамыту, сондай-ақ, Көкшетау, Бурабай курорты вокзалдарын жөндеу мәселелері қаралды. Облыс әкімдігі жаңа темір жол рейстерін жүктеу үшін Ақмола облысы мен Астана қаласының туристік компанияларымен бірлесіп, өңірлерде туристік пакеттер құру және оларды ілгерілету жұмыстарына көмек көрсетуге дайын екендігі мәлімделді.

«Қазақстан темір жолы» АҚ өкілдері жұмыс тиімділігін арттыру және жолаушылар тасымалын ұйымдастыру жұмыстарының жалғасатынын атап өтті. Осы жылдың екінші жартыжылдығында «Ерейментау – Астана – Көкшетау», «Астана – Бурабай курорты» жаңа электр пойыздарын іске қосу жоспарлануда. Олардың құрамында жақсартылған, жайлылығы жоғары биотуалеттермен, тартылатын қосымша сатылармен, кондиционерлермен және тағы басқа керек-жарақпен жабдықталған  вагондар жүретін болады.

Сонымен қатар, күн тәртібінде қаралған басты мәселелердің бірі – орақ  науқаны кезінде астық тасымалдаудың жай-жапсары болды. Ақмола облысы – астық және ұн өнімдерін өндіру бойынша көшбасшылардың бірі және еліміздегі ең ірі астық экспорттаушысы.

– Егін жинау науқанын уақытында жүргізу астықтың элеваторларда дұрыс сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Элеваторлардан межелі станцияға дейін үздіксіз жөнелтуді және тасымалдауды ұйымдастыру бұл жұмыстардағы маңызды қадамның бірі, – деп атап өтті облыс әкімі Марат Ахметжанов.

Кеңесте тасымалдау процесіне қатысушыларға уақытында осы тасымалдауды жоспарлау, вагондардағы жүкті түсіру мен тиеуді қамтамасыз ету ұсынылды.

Кездесу соңында бірқатар жүк жөнелтушілер Қазақстан темір жолының 120 жылдығына орай, мерекелік медальмен марапатталды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар