Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың құттықтауы

Құрметті спортшылар, ардагерлер және спорт сүйер қауым!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Спорт күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Өңірімізде дене шынықтырумен белсенді айналысып, еліміздің және шет елдердің спорт алаңдарында жоғары нәтижелерге қол жеткізіп жүрген ақмолалықтардың қатары жыл санап артып келеді.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Балалардың спортпен шұғылдануына жағдай жасау ерекше маңызды. Мұның бәрі халықтың денсаулығын жақсартады. Мемлекет спорт инфрақұрылымын нығайтуға үлкен көңіл бөлуде» деп бірнеше рет атап өтті.

Облысымызда бұл бағытта ауқымды жұмыстар атқарылуда. Жыл сайын облыс аудандары мен қалаларында жаңа спорт алаңдары пайда болып, дене шынықтыру-сауықтыру кешендері ашылуда. Мұның бәрі облыстың барлық жастағы тұрғындарын спорттық іс-шараларға көбірек тартуға көмектеседі.

Облысымыз халықаралық жарыстарда ел абыройын асқақтатып жүрген жерлестерін мақтан тұтады. Жақында Париждегі Олимпиада ойындарына қатысушылардың арасында ақмолалық спортшылардың да болғаны қуантады. Осы ретте, бір емес, бірнеше көрнекті спортшылар буынын тәрбиелеген спорт ардагерлеріне ерекше алғыс айтқым келеді.

Құрметті жерлестер!

Осы мерекеге орай, дене шынықтыру және спорт саласында еңбек етіп, түрлі жарыстарда облыстың, еліміздің абыройын асқақтатып жүрген, салауатты өмір салтын ұстанып, балаларын да соған баулып келе жатқан әрбір ақмолалыққа алғысымды білдіруге рұқсат етіңіздер. Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке, жаңа спорттық табыстар мен жеңістер тілеймін!

***

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары!

Депутаттық корпус атынан  Сіздерді Спорт күнімен құттықтаймын!

Бұл денсаулық, сергектік және дене тәрбиесі мерекесі барлық спортсүйер қауым мен салауатты өмір салтын жақтаушыларды біріктіреді.

Ақмола облысы спорттық дәстүрлерімен танымал. Арамызда аймақтың және еліміздің атын шығарып, үлкен додалардағы жеңістерімен қуантып жүрген жандар аз емес. Жоғары жетістіктер мектеп ауласынан, балалар спорт алаңдары мен секцияларынан басталатыны сөзсіз. Сондықтан, бұқаралық спортты дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып табылады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев спортты Қазақстанның әрбір тұрғынына, әсіресе, жастарға қолжетімді ету міндетін қойып отыр. Бұл мықты, дені сау және толыққанды қоғам құру үшін қажет.

Осы мереке күні барлық спортшыларды, жаттықтырушыларды, дене шынықтыру қозғалысының белсенділерін, спорт мектептерінің оқушыларын және көптеген жанкүйерлерді Спорт күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге зор денсаулық, жаңа спорттық жетістіктер, бақыт пен амандық тілеймін!

Бейбіт ЖҮСІПОВ,
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар