Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көкшетауда балаларға психологиялық қолдау көрсету орталығы ашылды - АРҚА АЖАРЫ

Көкшетауда балаларға психологиялық қолдау көрсету орталығы ашылды

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес еліміздің барлық 20 аймағында балаларға психологиялық қолдау көрсету орталығы жұмыс істей бастады.

Мұндағы басты міндет – балаларға, ата-аналар мен педагогтерге психологиялық және әдістемелік көмек көрсетуді күшейту мақсатында жергілікті деңгейде психологиялық қызметтің бірыңғай жүйесін құру. Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы атап өткеніндей, бұған дейін орталықтардың қызметін бір жүйеге келтіру үшін бірыңғай үлгі бойынша әдістемелік ұсыныстар әзірленген болатын. Онда тапсырмалар, жұмыстың негізгі бағыттары, штаттық кесте және мамандардың лауазымдық нұсқаулықтары егжей-тегжейлі көрсетілген. Әсіресе, орталықтың материалдық-техникалық жабдықталуына ерекше назар аударылады.

– Бұл орталықтар педагог-психологтар үшін қолдау ғана емес, сонымен қатар, ата-аналар мен балалар дер кезінде және білікті көмек ала алатын орта. Балалар психологиялық көмекке жүгініп қана қоймай, медициналық, құқықтық және әлеуметтік көмек ала алады. Бұл біздің балаларымыздың және жалпы қоғамның болашағы үшін маңызды, – дейді Насымжан Оспанова.

Айта кетейік, орталықтардың ашылуы 2023-2025 жылдарға арналған Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттылығын қамтамасыз ету жөніндегі кешенді жоспарда қарастырылған.

Ақмола облысының балаларды психологиялық қолдау орталығы мына мекенжайда орналасқан: 020000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Пушкин көшесі, 17 НП 2.

Білім беру ұйымының білім алушылары мен ата-аналарына қатысты құпиялылықты сақтау орталық мамандары жұмысының басым шарты болып табылады, ақпаратты жария етпеуге 100 пайыз кепілдік беріледі.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар