«AMANAT» партиясы
аймақтық филиалы төрағасының
2024 ж. «__» ____________№ ___ бұйрығына
1-қосымша
Жалпы ережелер
«AMANAT» партиясыаймақтық және Астана, Алматы, Шымкент қалалық филиалдары жас ақындар мен жазушылар арасында аймақтық шығармашылық байқауын (бұдан әрі –байқау)өткізеді.
- Осы Ереже байқауды өткізу мақсаты мен міндеттерінжәне тәртібін айқындайды.
- Байқаудың мақсаты –қазіргі заманғы қазақстандық әдебиетті дамыту және соған қолдау көрсете отырып, өңірлердегі талантты жас қаламгерлердің еңбегіне лайықты баға беру.
- Тақырыптық ұсыныстар:
- Өз шығармасына ұлттық бірегейлікті арқау ете отырып, тыңтақырыптарды көтеру және жаңа образдарды сомдау;
- Адам құқығы мен шынайы құндылықтарды өзек ету;
- Мемлекет басшысыҰлттық құрылтайда ұсынған «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» ұғымындағыидеялар мен құндылықтардыкеңінен ашу;
- Жастарды отаншылдыққа, төл тарихы мен ана тілін қадірлеуге, кітап оқуғашақыру;
- Қазіргі бәсекеге қабілетті қазақстандықтың образын насихаттау.
- Байқаудың ұйымдастырушысы – «AMANAT» партиясының аймақтық филиалы (бұдан әрі – ұйымдастырушы).
- Аймақтық шығармашылық байқауды өткізуді үйлестіру жұмыстары аймақтық ұйымдастыру комитетіне (одан әрі – аймақтық ұйымдастыру комитеті) жүктеледі. Аймақтық ұйымдастыру комитетінің құрамы аймақтық партия филиалы төрағасы/атқарушы хатшысының бұйрығымен бекітіледі.
- Аймақтық ұйымдастыру комитеті:
- жергілікті жердегі танымал қаламгерлер мен партия басшылығынан құралады;
- байқауды өткізу тәртібін анықтайды;
- байқауға қажетті құжаттарды әзірлейді;
- байқаудың басталуы туралы партияның аймақтық филиалдарының әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында және облыстық БАҚ-та хабарлама жариялайды;
- байқауға қатысушы үміткерлерден материалдар жинақтайды;
- келіп түскен материалдарды ереже тәртібіне сай іріктеуден өткізіп, аймақтық байқау комиссиясына жолдайды.
- Аймақтық ұйымдастыру комитеттерінің жалпы құқықтары:
- осыереженіңталаптарыменшарттарынасәйкесболмаған жағдайда үміткердібайқауға қатыстырмау;
- байқаудың барлық қатысушылары үшін тең жағдай жасау;
- байқаудыңнәтижелері туралы мәліметтердің уақытынан бұрын жария етілуінежол бермеу;
- аймақтық ұйымдастыру комитеті байқауға ұсынылған шығармалар арасында байқау шарттарына сәйкес келмейтін материалдарды қабылдамауға құқылы.
- Байқауға келіп түскен жұмыстарды қарау және одан әрі жеңімпаздарды анықтау жас жазушылар мен ақындар арасындағы шығармашылық байқауын өткізу жөніндегі аймақтық байқау комиссиясына (бұдан әрі – байқау комиссиясы) жүктеледі және байқау комиссиясы партияның аймақтық филиалында құрылады.
- Осы Ереже байқауға қатысуға үміткер барлық мүдделі тұлғаларға танысу үшін бұқаралық ақпарат құралдарында, партия филиалдарыныңәлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында жарияланады.
- Байқауды өткізу тәртібі
- Байқау негізгі үш – «Поэзия», «Проза» және «Балаларға арналған шығарма»номинациясы бойынша өткізіледі.
- Әрбір номинацияға үш орыннан (І-ІІ-ІІІ) қарастырылады;
- Сонымен қатар, Сәкен Жүнісовтың 90 жылдық мерейтойына арналған Ақмола облыстық филиалының арнайы жүлдесі қарастырылған.
- Үш номинация бойынша және облыстық филиалдың арнайы жүлдесі бағалы жүлделерімен мараппатталатын болады.
- Аймақтық ұйымдастыру комитеті келіп түскен шығармаларды бүркеншік атаумен аймақтықбайқау комиссиясының қарауына жолдайды.
- Шығармалар 2024 жылы 19тамыз күні сағат 9.00-ден 20қазан күні сағат 18.00-гедейін қабылданады.
- Байқауға қабылдау уақыты аяқталғаннан кейін келіп түскен өтінім қатыстырылмайды.
- Байқауға келіп түскен жұмыстарды байқау комиссиясы 2024 жылы 21-27қазанаралығындақарайды.Жұмыс қорытындысы бойынша аймақтық байқаукомиссиясы бірлескен шешім арқылы жеңімпаздарды анықтайды.
- Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі партияның аймақтық филиалында2024 жылдың 31 қазанына дейін өткізіледі.
- Байқау жұмыстарын ұсыну тәртібі
- Байқауға18-ден45 жасқа дейінгі автор/авторлар қатысуға құқылы.
- Бір автор/авторлартобы тек бір номинацияға қатыса алады.
- Байқауға қазақ тіліндегі жұмыстар ғана қабылданады.
- Байқауға ұсынылатын жұмыстардың тақырыбына шектеуқойылмайды.
- Байқауғабұрын-соңды жарияланған шығарма қабылданбайды.
- Әр номинация бойынша өлеңдер циклін қабылдауға мүмкіндік беретін«Поэзия» номинациясын қоспағанда бір шығарма қабылданады.
- Байқауға әдепсіз сөздерді қамтитын, сондай-ақ үшінші тұлғалардың этикалық нормалары мен авторлық құқықтарын бұзатын туындылар жіберілмейді.
- Байқауға қазақ тілінің грамматикалық құрылымы мен емле заңдылығы сақталмаған шығармалар қатыстырылмайды.
- Автор/авторлар байқауға қатысу үшін өз жұмысын жібере отырып:
- осы жұмысқа авторлық құқықтың бар екеніне кепілдік береді;
- ұйымдастырушының туындыларды (толық немесе ішінара) БАҚ-та, жинақтарда, ғаламторда, әлеуметтік желіде жариялауына рұқсат береді;
- ұйымдастырушыға қаржылық талаптар қоюдан бас тартады.
- Байқауға қатысу үшін «Проза» номинациясына 30, «Поэзия» номинациясына10,«Балаларға арналған шығарма» номинациясына20беттен аспайтынжұмыстарқабылданады.
- Байқау жұмыстарыА4 форматында, Times New Rоman қарпімен,14 мөлшерде,1,0 аралықта терілуі керек.
- Байқауға жіберілетін материалдар:
- Шығармалар бүркеншік атпен партияның аймақтық филиалының koken@amanatpartiasy.kzэлектрондық мекенжайына жолданады.
- Байқауға ұсынылатын шығармалардың электрондық нұсқасы бөлек файлмен (автордың дерегінсіз) жіберіледі;
- Шығарма бірінші бетінің оң жағына автордың бүркеншік есімі ғана жазылады. Файл атауында автордың бүркеншік есімі және шығарманың номинациясы көрсетілуі тиіс. Мысалы: qyrdynqyzy_proza;
- Автор туралы мәлімет, байланыс деректері (А.Ә.Т, тұратын мекенжайы, телефон нөмірі, электронды пошта, мекенжайы, фотосурет, автор туралы қысқаша ақпарат) бөлек файлмен қоса жолданады. Файл атауында автордың бүркеншік есімі және автордың аты-жөні көрсетілуі тиіс. Мысалы: qyrdynqyzy_ГүлнәрСейітқазыдеп сақтауы керек.
- Жеңімпаздарды анықтау тәртібі
- Жеңімпаздарды анықтау және сыйлықтарды беру байқау комиссиясының шешімімен жүзеге асады.
- Аймақтық байқау комиссиясының құрамына жергілікті жердегі танымал қаламгерлермен ғалымдар,мәдениет қайраткерлері және басқа да тұлғалар кіреді.
- Аймақтық байқау комиссиясының құрамы аймақтық партия филиалының төрағасы/атқарушы хатшысыныңбұйрығымен бекітіледі.
- Аймақтық байқау комиссиясы дауыс беру парағын бекітеді.
- Аймақтық байқауға қатысу үшін келіп түскен жұмыстарды бағалау кезінде аймақтық байқаукомиссиясы мынадай критерийлерді басшылыққа алады: байқаудың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігі, байқауғаұсынылған жұмыстың өзектілігі, авторлықтұжырымдама дербестігі, материалдардың объективтілігі, жаңашылдығы, дәйектілігі, стилі, баяндау тілі, идеяның бірегейлігі, әдеби-көркем құндылығы, эстетикалық әсер ету тереңдігі.
- Аймақтық байқау комиссиясының байқау талаптарына сәйкес келмейтін жұмыстарды қарамауға құқығы бар.
- Аймақтық байқау комиссиясының қорытынды отырысы, егер оған байқау комиссиясы мүшелерінің жалпы санының 3/2 қатысса, заңды болады.
- Аймақтық байқау комиссиясының шешімі түпкілікті болып табылады және қайта қарауға жатпайды.
- Аймақтық байқау комиссиясы жүлдеге лайық деп таныған шығармалардың ерекшелігі туралы берген пікірі мен бағасы марапаттау кешінде жарияланады.