Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Юлия Кучинская Сандықтау орталық аудандық аурухана ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында Юлия Владимировна ағымдағы жылдың 6 қазанына жоспарланған Республикалық референдум туралы айтып берді. Референдум болатын күні әркім өзінің азаматтық позициясын танытып, сайлауға келіп, Қазақстандағы атом электр стансасының құрылысына қатысты өз пікірін білдіруі үшін жиынға қатысушылар алдында сөз сөйледі. Мәжіліс депутаты АЭС салу қажеттігіне кеңінен тоқталды. Жиналғандар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды.