Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Азат елдің айшығы - АРҚА АЖАРЫ

Азат елдің айшығы

 

«Көкшетау» мәдениет сарайында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты жиналыс болып, онда облыс әкімі
Сергей Кулагин Мемлекет басшысының тәуелсіз елімізді құрып, нығайтудағы еңбегі мен осы кезеңде жеткен жетістіктеріміз жайында баяндама жасады.

 

Шара басталар алдында облыс басшысы мәдениет сарайының фойесінде ұйымдастырылған «Қуатты өңір – қуатты Қазақстан!» атты аймақ жетістіктеріне арналған көрмені көріп тамашалады.
Жиналған қауымды мерекемен құттықтаған облыс басшысы  Ұлт Көшбасшысы, еліміздің Тұңғыш Президентінің тәуелсіз мемлекетімізді қалыптастырудағы қызметі мен әлемдік саясаттағы орны жайында жан-жақты баяндап берді.  2011 жылдың 10 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының отырысында жыл сайын 1 желтоқсанды еліміздің Тұңғыш Президенті күні деп белгілеу туралы заң қабылданған болатын. Бұл күнді атаулы мереке ретінде алуға 1991 жылдың 1 желтоқсанында елімізде тұңғыш рет
Президент сайлауы болып, онда Нұрсұлтан Назарбаев  сайлауға қатысқандардың 98,78 пайызы көлемінде дауысын алып, Президент болып сайланғаны себеп болған еді.
Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері  мен Елбасының еңбегін бөліп қарауға болмайды. Осы кезең ішінде еліміздің Тұңғыш Президенті өз еліміздің ішінде ғана емес, әлемдік саясатта үлкен беделді тұлғаға айналды. Түркия Президенті Реджеп Тайип Ердоған Елбасымыздың даналығына тамсанып Нұрсұлтан Әбішұлын «Түрік әлемінің ақсақалы» атаса, немістің белгілі саясаткері Герхард Шредер «Қазақстан осы аймақтағы негізгі мемлекет. Президент Назарбаев көрші елдермен достық қарым-қатынасты нығайту арқылы Орта Азия мемлекеттері арасындағы тұрақтылық пен бейбітшілікті сақтауға ерекше үлес қосып отыр» деп бағасын берген еді.
Биылғы тәуелсіздігіміздің мерейтойлы жылында Қазақстан БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануы, алдағы жылы өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі – осының бәрі тәуелсіз мемлекетіміздің әлем қауымдастығы алдындағы абырой-беделінің биіктігін көрсетеді. Мұның бәрі, әрине Елбасының іскерлігі мен еңбегінің арқасында келген жетістіктер екендігін естен шығармауымыз керек.
Бұдан кейін облыс басшысы Елбасының саясатын жүзеге асыруда сіңірген еңбегі үшін бір топ адамды Алғыс хатпен марапаттады. Облыс әкімінің Алғыс хатына ие болғандардың арасында еңбек ардагерлері Күләш Темірбаева мен Марат Ыбыраев, әлеуметтік қызметкер Светлана Ғабдижамалова, «Намыс» серіктестігінің жұмысшысы Кәкім Нұрахметов, әріптесіміз, республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің меншікті тілшісі Бақберген Амалбек және басқалары бар. Мерекелік жиналыстың соңы көркемөнерпаздардың концерттік бағдарламасымен жалғасты.

Қалкөз Жүсіп.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар