Қазақстанға атом электр станциясы керек!

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Н.Г.Дементьева жұмыс сапарымен Аршалы ауданында болды.

Ол атом электр стансасын салу жөніндегі халықтық штабтың төрайымы, «AMANAT» партиясы Аршалы аудандық филиалының төрайымы Г.О.Ахимовамен бірге «ҚазШпал» АҚ-ның жұмыс тобымен кездесіп, Мемлекет басшысы Қ.Қ.Тоқаевтың атом электр станцияларын салу мәселесі бойынша референдум өткізу туралы бастамасын қолдау мақсатында талқылау өткізді.

Жиын барысында еліміздегі атом электр станцияларының құрылысына қатысты мәселелер көтеріліп, энергетикалық қауіпсіздік және экология тақырыбындағы сауалдар қойылып, жұмысшылар мен зауыт басшылары әңгімеге белсене қатысты.

Спикерлер бірауыздан атом электр станциясын салу Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті қадам ғана емес екенін атап өтті. Бұл сондай-ақ, төмен көміртекті экономикаға жаһандық көшу жағдайында елдің экономикалық және әлеуметтік дамуының маңызды факторы болып табылады. Атом электр станциясы Қазақстанға қазіргі энергетикалық проблемаларды шешуге және болашақта тұрақты дамудың негізін жасауға көмектеседі.

АЭС құрылысы – ауқымды жоба

 Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Н.Г.Дементьева Аршалы ауданының атом электр станциясын салу жөніндегі халықтық штабының мүшелерімен бірге Шортанды ауылындағы негізгі орта мектеп ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында қатысушыларды Мемлекет басшысы Қ.Қ.Тоқаевтың Қазақстанда атом электр станциясын салу бойынша референдум өткізу туралы бастамасын қолдауға шақырды.

Мәжілісмен және басқа да баяндамашылар Қазақстанда Атом электр стансасын салу еліміздегі электр қуатының тапшылығын жоюға мүмкіндік беретін ауқымды жоба екенін, әйтпесе, тас дәуіріне қайта оралуымыз мүмкін екенін баса айтты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар