АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІ ДЕ ТАЗАЛЫҚҚА ӨЗ ҮЛЕСТЕРІН ҚОСУДА

Бүгінгі күні қолға алынып, атқарылып жатқан игі істің бірі ол – күн сайынғы таза Қазақстан жалпыұлттық экологиялық акциясы.

Ауылдың, қалалардың жалпы елдің әлеуметтiк келбетi мен рухани тазалығы туралы аз айтылып жүрген жоқ. Осыған орай ауыл мен қала мәдениетiн қалыптастыру жолында кешендi шаралар да жүзеге асырылуда. Ел тазалығы – ол тұрғындардың рухани тазалығына байланысты екендiгiн жыл сайынғы көтеріліп жатқан маңызды мәселе. Оның әлемдік өз стандарттары да бар.

Өзге елден келетін қонақтардың да басты назар аударатыны ауыл мен қала тазалығы. Адамдардың кез-келген қоғамдық орындарда өздерiн байыпты ұстауы да тазалықтың бiр көрiнiсi болып табылады. Осыған орай бүгінгі күні Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Бірлестік ауылының ЖОББ мектебінің ұжымы мен “Ұшқын” өзін-өзі басқару ұйымы аталмыш сенбілікке белсенді қатысып, өз үлестерін тигізді.

Жылдың қай мезгілі болса да көп тазалықты қажет ететін бұл ауқымды шара жыл сайын іске асырылып, өз нәтижесін беруде. Бірлестік ауылының жалпы орта білім беру мектебінің директоры Лалагүл Есмағұлованың айтуынша, оқушыларының бастауыш сыныбынан бастап, жоғары буын оқушыларына дейін, сонымен қатар барша ұстаздар мен қызметкерлер сенбіліктерге белсене қатысып, тазалық мәселесіне өз үлестерін аянбай қосуда. Бұл ортақ мақсат, ортақ мүдде екені даусыз. Таза ел – таза Қазақстан!

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
“АРҚА АЖАРЫНЫҢ” өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар